ШҚО "Зубаир орта мектебі"КММ
Жусупова Маржан Камановна
бастауыш сынып мұғалімі
Пәннің аты
Уақыты:
Кабинет:
Мұғалім
Сабақтың атауы
Екі таңбалы сандарды шығарып алу, оқу, жазу және салыстыру
Мақсаты
1) Екі таңбалы сандарды ондықтармен және бірліктермен санау арқылы шығарып алуға машықтандыру; Екі таңбалы сандарды оқу мен жазудың ерекшеліктерімен таныстыру, қатардағы орнына және ретіне қарай салыстыру, олардың ондықтар мен бірліктерден тұратынын аңғарту;
2) бір амалмен шығарылатын есептерді пысықтау, кестелік қосу мен
азайтуды және сәйкес ондықтарды қосу мен азайтуды қайталау;
3) іскерлікке баулу
Көрнекілік: интертақта слайдтары, әр түсті жолақшалар, сызбалар, кесте, цифрлар.
Әдісі: сұрақ - жауап, көрнекілік, топтық жұмыс, ойын.
Түрі: аралас сабақ.
Күтілетін нәтиже
Психологиялық ахуал
Психологиялық дайындық
Біз балдырған баламыз,
Құстай қанат қағамыз.
Дүниені аралап,
Оқып білім аламыз.
Оқушылар шеңберде жиналып,мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді.
Қызығушылықты ояту
- Балалар, математика пәнінде оқушылар не істейді?
Жауаптары: санайды, қосады, азайтады, өлшейді.
- Дұрыс, ал адамдар нені санайды?
Нені өлшейді?
Нені қосады?
Нені азайтады?
Жауаптары: ақшаны, заттарды, дүкендегі заттарды, айлар мен жылдарды, т. б.
- Барлық мамандардың иелеріне санау, есептеу керек пе?
- ендеше біз де бүгін тез, дұрыс, шапшаң санауды бастайық.
Жаңа сабаққа деген қызығушылықтары оянып,ерекше ынтамен кіріседі.
Мағынаны тану
- Суретте неше жолақша бар?
- Әр жолақша неше шаршыдан құрастырылған?
- Он шаршыдан он рет алсақ, барлығы қанша болды? (100)
- Дұрыс, бұл бір жүздікті білдіреді
- Жүз сан
Страницы: 1 | 2 > >>