Екі таңбалы санға көбейту мен бөлудің жазбаша тәсілдері
Сабақтың тақырыбы: Өткенді пысықтау
Сабақтың мақсаты: Екі таңбалы санға көбейту мен бөлудің жазбаша тәсілдерін, қарама - қарсы және бір бағыттағы қозғалысқа берілген есептерді меңгеру деңгейін саралау, көп таңбалы сандарға қатысты есептерді шығару қабілеті мен дағдысын жетілдіру, әртүрлі есептер шығару; кеңістікті ойлау мен есете сақтау қабілетін дамыту; өз күшіне сенуге тәрбиелеу.
Оқыту нәтижесі: Екі таңбалы санға көбейту мен бөлудің жазбаша тәсілдерін үйренді.
Әдіс - тәсіл: Топтық жұмыс, кері байланыс
Дереккөздер: Оқулық, ресурстар, дидактикалық материалдар
Негізгі идея: Оқушыларды іс - әрекеттері арқылы ізденімпаздыққа жетелеу. "Дымбілмес"
мультфильм желісі бойынша саяхат сабағы
Тапсырмалар: Оқулықтың 41 - 42 - бетіндегі 1 - 8 есептерді шешу
Пайдаланылған модульдер: Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер, сыни тұрғыдан ойлауға үйрету, оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау, оқытуды басқару және көшбасшылық, талантты және дарынды балаларды оқыту.
Жеке жұмыс: 1, 7 - есептер
Сабақтың жүрісі:
1. Ұйымдастыру:
Сыныпта психологиялық жақсы ахуал орнату. Сыныпты топқа бөлу:
Сабағымыз басталды, балаларға пайдалы.
Бәрін ұғып алыңдар, санауға зер салыңдар
ІІ. Өткенді пысықтау: Ауызша жұмыс. Зейінділік ойыны: 1. Көркем жазу минуты.
2. Жаңа тақырып: Өткенді пысықтау
Оқушыларға сабақтың тақырыбын, мақсатын хабарлау, топқа смайликтер арқылы бөліну.
І топ: Күндей күлімдеген смайлик. ІІ топ: Ойланып отырған смайлик. ІІІ топ: Қуанып тұрған смайлик. Әр топтың топ басшысы мен бағалаушысы белгіленеді, олардың міндеттері айтылады. Бағалаушы әр тапсырмадан кейін тапсырма орындаған оқушыларға өз бағасын қойып отырады.
Балалар бұл қай мул
Страницы: 1 | 2 | 3 > >>