ен досыңмен не істейсің?
VІ Тақтамен жұмыс
"Дос" сөзін септеу және фонетикалық талдау жасау.
VІІ Оқулықпен жұмыс
1 - тапсырма. Мәтінді оқып, түсініңдер. Мазмұнын айтып беріңдер.
Екі дос
Назым мен Бейсенгүл - түйдей құрдас, тату дос. Қашан көрсең де, жұбын жазбайды. Ойынды да бірге ойнайды, сыныпта да бір партада отырады. Екеуі қабақ шытысып көрген емес. Сабақты да жақсы оқиды. Оларды мұғалімдер де, балалар да сыйлайды, қадірлейді. Әрі кішіпейіл, әрі достықты қадір тұтатын екеуінің мінезі мен ісі басқаларға ұнайды. Тентек Мәліктің өзі де:
- Назым мен Бейсенгүл жақсы жолдасымыз, - деп мойындайды. Оқушылар жиынында бұл екеуін оқушылар кеңесінің мүшелігіне басқалардан бұрын ұсынған да осы Мәлік.
5 - тапсырма. Жаңылтпашты жаттап алыңдар.
Досым маған еліктеп,
Домбырамен ән салды,
Дән риза болып көп
Дуылдады, тамсанды
VIII Шығармашылық жұмыс
IX Қорытынды
Оқушыларға сұрақтар қою арқылы өткен тақырыпты қалай меңгергендерін тексеремін.
X Бағалау
Оқушыларды білім деңгейлеріне байланысты бағалау.
XI Үй тапсырмасы
Мазмұндау.
Страницы: << < 1 | 2