Дыбыс және әріп

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>

Ересектер тобынындағы ұйымдастырылған оқу іс - әрекетінің технологиялық картасы

Білім беру саласы: Қатынас
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің түрі: Сауат ашу және жазу
Тақырыбы: Дыбыс және әріп
Мақсаты: Дыбыс пен әріп туралы түсінік беру, дыбыс пен әріптің айырмашылығын ажырата білуге үйрету. Сөздерге дыбыстық талдау жасату арқылы ақыл-ойын дамыту, сөйлем құрату арқылы сөздік қорын молайту. Топтық жұмыста бір-біріне көмектесуге үйрету. Жазуға қолдарын жаттықтыру
Сөздік жұмыс: Дыбыс, әріп, дауысты дыбыс, дауыссыз дыбыс
Қолданылатын көрнекі құралдар: Түсіндіру,көрсету, сұрақ-жауап.

Оқу іс-әрекетінің кезеңдері
Педагогтің іс-әрекеті
Балалардың
іс-әрекеті
Мотивациялық -қозғаушылық
Психо жаттығу: "Күлімдейік".
- Балалар адам жанының, жүрегінің кілті біздің езуімізде. Егер біз үнемі достарымызға, ата анамызға, апайларға күлімдеп, жадырап көңілді жүрсек біз мейірімді, ақылды болып өсеміз.
Жан-жағымызға күлкі сыйлайық.
Кел балалар күлейік,
Күлкіменен түлейік
Қабақ шытқан не керек
Күліп өмір сүрейік!


Бір- біріне күлімдеп қарап,
жаттығу сөздерін тәрбиешімен қайталайды

Ұйымдаc-тырушылық - ізденістік
Таңғажайып кезең. Топқа қонақ келеді. (музыкамен кіреді)
- Сәлеметсіңдер ме балалар бұл ересектер тобы ма?
- Мен өте қызықты әріптер әлемінен келдім. Мен дыбыстар әлемінің ханшайымымын. Мен сендерге өз әлемім жайлы айтып берейін.
- Әлдеқандай патшалықта емес, әлдеқандай мемлекетте емес, тура өзіңнің аузыңның ішінде дыбыстар тұрып жатыр, ал олардың үйі міне қандай әдемі. (ауызды көрсетші, аша ғой қане). Үйдің төбесі бар. Еден төменгі таңдай, Есік еріндер. Есік бекем болу үшін сүйек шарбақтар да бар. Бәрі жақсы болар еді, бірақ үйдің іші

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: