мы өзінің табиғилығымен көзе түседі. Шым ши тоқу өнерінде көбінесе геометриялық фигуралардағы төртбұрыш, дөңгелек, үшбұрыш, көпбұрыш т. б. оюлар қолданылады. Олар шым шидің бетін тұтас сәндеуге арналған . Қолөнер саласында басқа да түрлері сияқты ши тоқуды үйрететін арнаулы орын болмаған. Тек ұрпақтан- ұрпаққа дәстүр бойынша дамыған. Қазақтың өрнекті шым шиі , ең алдымен өзінің сәндік қызметімен ерекшеленеді.
Қазақ шеберлері өрнектеп ши тоқуда дәстүрлі тәжірибесі мол шеберлер табиғи таланты мен өнерпаздық дарындылығының арқасында алуан түрлі композициялы өрнек туындыларын жасай білген.
j
D
Гобелен өнері ХХ ғасырда Батыс Еуропада пайда болған. Гобелен- қабырғаға ілінетін кілем, картина немесе өрнекті сурет орнына, сондай-ақ терезе перде т. б. үшін пайдаланылатын сәндік көркем бұйым. Гобелен тоқуда кендір жіп, теңіз шөптері және жүннен иірілген жіп пайдаланылған.
Гобелен көркем шығармашылық туынды. Сондықтан гобелен өнерінің сәндік – қолданбалы өнерде алатын орны ерекше.
Прибалтика елдері гобелен тоқуда композициялық суретті толқын тәріздес бедерлесе, Ресей суретшілері гобеленді тықыр кілем үлгісімен тоқып, сюжеттік суреттермен бедерлеген .
Гобелен өнерінің қазақ қол өнеріне қадам басуы , қарқындап дамуы 1970 жылдардан тақырыптық, терең философиялық мазмұнды, көркем туындылардың алғашқы бастамасы қалыптасты. Ұлттық дәстүрлі тоқыма өнері аз уақыттың ішінде жаңа сипатқа ие болды, гобелен өнерімен тоғысты.
Бұл өнерді дамытуға ерекше үлес қосқан Қазақстан суретшілері ретінде Қ. Тыныбеков, Б. Зәурібекова, Сәуле және Әлібай Бапановтарды атауға болады.
Қазақ қолөнеріндегі тоқымашылықты дамытуда Сәуле мен Әлібай Бапановтардың қолтаңбасы ерекше. Ерлі зайыпты суретшілердің шимен жасаған гобелендері композициялық құрылымымен , ұлтт
Страницы: << < 1 | 2 | 3 > >>