Достық дәнегі

Страницы: <<  <  1 | 2 | 3 | 4  >  >>

өзден құралып, бір ұғымда қолданылатын, сөйлем мүшелеріне ажыратуға келмейтін, грамматикалық мағыналарын өзгертіп, тіркестегі орындарын алмастыруға болмайтын, тарихи қалыптасқан тұрақты тіркестер бар. Оларды фразеологиялық тіркестер немесе фразеологизмдер дейді. Қазіргі қазақ тілінің фразеологиясы лексиканың жеке бір саласы . Фразеологизмдердің басты белгісі - олардың тұрақты, даяр қалпында қолданылуы. Мыласы: ит өлген жер - алыс, тайға таңба басқандай - анық, арқаны кеңге салу - асықпау, қас пен көздің арасында - жылдам, т. б.
Академик Ісмет Кеңесбаев шығарған "Қазақ тілінің фразеологиялық сөздігінде" (1977, 2007) ана тіліміздің осы асыл қазынассы молынан қамтылған.
3. Оқулықтағы 2-тапсырма
Төмендегі фразологизмдердің ішінен достық, бірлік, татулыққа қатыстыларын теріп алып, сөйлем құраңдар.
Ағынан жарылды, қаймағы бұзылмау, ат арылту, ат-тоңын ала қашу, арасынан қыл өтпейтін, бармағын тістеді, бауыр басу, асығы алшысынан түсу, тонның ішкі бауындай.
ІІІ. Ойтолғаныс
"Жағдаяттар кітабы" әдісі арқылы оқушыларға 1 жағдаят оқылады. Оқушылар осы жағдаятты шешу жолын мәтін түрінде дәптерлеріне жазады. Осы мәтінде фразеологизмдер, мақал-мәтелдер кездесуі керек
Жағдаят.
Сенің бірнеше жыл бойы жақын араласып жүрген досың бар. Екеуің әрқашан бірге жүресіңдер, бірге күліп, бірге мұңаясыңдар, бір нанды бөлісіп жейсіңдер, сен барыңмен сол досыңмен бөлісесің. Бірақ бір кезде ол сенімен бірнеше күн бойы сөйлеспей, қашқақтайды. Сен не істер едің?




Оқулық






















Оқулық




















Жағдаяттар кітабы



Страницы: <<  <  1 | 2 | 3 | 4  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: