ушың болу керек. Үш түрлі достың ішіндегі ең маңыздысы да осы: "бір дос бар кеудесінен жан шыққанша". . .
Ажалдан құтқаруға басын бәйгеге тікпеген күннің өзінде сізге деген адалдығы ретінде кез келген жерде сіздің сөзді сөйлеуге ұмтылу керек. Сіздікі дұрыс болмаған күннің өзінде екі жақты мәмілеге кірісіп шешім жасау керек. Бұл нағыз достың белгісі.
Дос - өзің. "Дос" деген сөзді түсіну үшін өзіңізді тауып алыңыз. Себебі дос деген ең бірінші өзге емес, өзіңіз. Себебі сіз лайық болмай, достың лайық болатынына сенімділік жоқ. Адалдық сізден де, достан да аңқып тұру керек. Сол кезде барып сіз дос таба аласыз және дос сізді табады.
Нағыз дос сағындырады, іздеуге тура келетін жағдайға апарады. Себебі сіз сенген серіктің қасиеті мен жақсылығы, адалдығы сізді бей-жай қалдырмауы керек. Ал сатқындық пен жасандылық көрініп тұрған адамға көңіліңіз тартпасы анық. Досына қарап адамды тануға болатыны ақиқат дүние.
Страницы: << < 1 | 2