География пәнінен ашық сабақ жоспары
Сабақтың тақырыбы : Дүниежүзінің ауыл шаруашылығы географиясы. 
 
Сабақтың мақсаты: 
білімділік:Оқушылардың алған білімдерін жүйелеу, білімге деген құштарлығын арттыру, зияткерлік қабілетін дамыту. Өткен тақырыптар бойынша алған білімдерін тереңдету, толықтыру, қорытындылау. 
 Дүние жүзінің ауыл шаруашылығы туралы мағлұмат беру. 
 тәрбиелік:Оқушыларға рухани, интеллектуалдық жағынан тәрбие беріп,болашаққа деген көзқарасын арттыру. Елінің байлығын қадірлей білуге тәрбиелеу. 
 дамытушылық: Оқушылардың танымын арттыра отырып белсенділікке, табандылыққа баулу. Өз бетімен іздену қабілетін арттыру. 
Сабақтың түрі: Теориялық сабақ
Сабақтың типі: Жаңа білімді меңгерту. (Дәстүрлі емес сабақ)
Сабақтың оқыту әдістері: "Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлау" технологиясының стратегиялары;талдау жүргізу, ой қозғау, сұрақ-жауап, ауызша баяндау. Топпен жұмыс. 
Сабақтың көрнекілігі және техникалық жабдығы: Интерактивті тақта, "Көкөністер", "Дәмді" сүт өнімдері, "Ет өнімдері" ,Дүние жүзінің саяси картасы , Буклеттер, Тақырыптық плакаттар,Өсімдіктер мен жануарлар макеті. 
Пәнаралық байланыс: Саясаттану, әлеуметтену, Әлем тарихы, қазақ әдебиеті, биология, Экономика негіздері. 
 Сабақтың барысы: 
1. Ұйымдастыру жұмыстары. 
а) оқушылармен сәлемдесу, түгелдеу,дәрісхана тазалығына назар аудару. 
ә) Сабақтың мақсатын хабарлап, оқушылардың назарын сабаққа аудару, география пәніне деген қызығушылығын арттыру. Топқа бөлінген оқушылар жеке-жеке отырғызылады, топ лидерлері сайланады, эксперт тобы құралады. 
І-топ. "Агротехника" ІІІ-топ "Дәмді"
ІІ-топ "Сыр маржаны"
 2. Қызығушылығын ояту
 "Ассоцация құр
		Страницы: 1 | 2 | 3 > >>
