ІІ-кіші және ортаңғы топтарына арналған
дидактикалық ойындар
ІІ-кішітобына арналған дидактикалық ойындар
"Қатынас"-Тілді дамыту
Дойын "Ғажайып қоржын"
Мақсаты: Балаларды заттарды тиісті қасиеттеріне қарай ажырата білуге үйрету.
Ойын шарты: Қоржындағы затты сипап біліп атау. Бала затты дұрыс сипаттап бергеннен соң ғана зат қаптан алынып, балаларға көрсетіледі, ал дұрыс аталмаса қаптан алынбайды.
қажетті құралдар: Ғажайып қоржын. Балалар санына сәйкес, таныс ойыншықтар.
Дойын "Жаңа қуыршақ"
мақсаты: Баланы топ бөлмесіндегі заттарды дұрыс атап, тілдерін , зейіндерін дамыту.
Ойын шарты: Қуыршақ топтағы заттың қайсының жанына келсе соны дұрыс атап беру және қуыршақ қай баланы сұрайды сол ғана сұраққа жауап береді, егер барлық баладан сұраса, барлығы бірге жауап береді.
Қажетті құралдар: Балаларға бұрын таныс емес қуыршақ
"Қатынас"Айналадағы әлеммен танысу
Дойын "Қуыршаққа ыдысты таңдап бер"
мақсаты: Балалардың ыдыс-аяқтар жайлы білімдерін пысықтау, оларды қажетіне қарай қолдана білуге үйрету, тілдерін жетілдіру, сөздік қорларын молайту, зеректікке, тапқырлыққа тәрбиелеу.
Ойын шарты: Тәрбиешінің белгісі бойынша қажетті ыдысты бөліп алу.
Іс-әрекеті: Тәрбиешінің көмекшісіне, аспазшыға қажетті ыдысты іздеу.
Қажетті құралдар: Үш қуыршақ (аспазшы,тәрбиешінің көмекшісі, қуыршақ - қыз), ыдыс-аяқтарбейнеленген көлімдері 5x5см карточкалар.
.
"Таным"- Айналада
Страницы: 1 | 2 | 3 > >>