Дидактикалық ойындар

Страницы: <<  <  16 | 17 | 18 | 19 | 20  >  >>

ар жеңімпаз атанады.


"Қандай сандар жетіспейді?"
Мақсаты: Сандарды тани білуге, аталған сан арасындағы санды атай білуге үйрету.
Көрнекілік: сіріңке қорабындағы таратпа материалдағы сандар.
Барысы: тәрбиеші екі санды атайды, мысалы: 3-5 десе, балалар қораптан сол сандарды алып, ортасындағы санды қою керек.


"Көрші - көрші"
Мақсаты: Сан құрамын атап, неше бірліктен тұратынын, сандарды салыстыра білуге үйрету.
Көрнекілік: Кеспе қалтадағы сандық карточкалар: 1-10.
Барысы: Тәрбиеші бір санды атайды, м:7 санын. Тақтаға бір бала шығып аталған санды "кеспе қалтадағы" сандар арасынан 7 санын алып қояды. Тәрбиеші: осы санның көршілерін көрсетіндер дегенде , екі бала шығып 6 және 8 санын көрсетеді. Әр бала өз санын түсіндіру керек, м: 7 саны 6 санынан 1-уі артық, 8 санынан 1-уі кем, 7 бірліктен тұрады.


"Біреу және көп"
Мақсаты: "Біреу және көп" ұғымын ажырата алуға үйрету.
Тәрбиеші балалардан заттардың арасынан бір және көп заттарды табуды өтінеді. Мысалы: сағат біреу-ойыншық көп; тақта біреу-парта көп; бір аквариум-көп гүл.
Үшбұрыш үйшікке кіріп, жарықты жағып, сонда тұра бастады. Бір уақытта біреу есікті қағады. Үшбұрыш: "Бұл кім?" деп сұрайды. Шаршы көрінеді. Балалар оны атайды, егер балалар атын атауға қиналса, тәрбиеші өзі атайды. Бәрі бірге оның бұрыштарын санайды, барлық қабырғаларының бірдей екендігін атап өтеді


"Шаршы құрастыр"
Мақсаты: Балаларды бөлшектерден бүтін бір зат құрастыруға үйрету.
Балалар ақ шаршының үстіне бөліктерге бөлінген түрлі-түсті шаршыны құрастырып қояды. Бөлшектерден бүтін бір зат жасайды. Балалар қиналған жағдайда тәрбиеші оларға көмектеседі. Шаршының қанша бөліктен тұ

Страницы: <<  <  16 | 17 | 18 | 19 | 20  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: