Дербес компьютердің перифериялық құрылғылары

Страницы: <<  <  1 | 2 | 3  >  >>

ылар жатады.
Оларды әдетте жүйелік перифериялық құрылғылар деп атайды. Бұл
топқа бейнелік монитор, пернетақта, қатты, дискі, иілгіш дискідегі мәлімет жинақтауыштар және баспа құрылғысы (принтер) жатады.
Екінші топқа магниттік таспадағы мәлімет жинақтауыштар, графикалық ақпаратты енгізу құрылғылары (дигитайзерлер), графикалық ақпаратты шығару құрылғылары (плоттерлер), модем, сканер, аудиотақша, тышқан немесе трекбол, коммуникациялық
адаптерлер және т. с. с. жатады.
Олар мамандандырылған компьютерлерге қосымша мүмкіндіктер береді. Бірақ олардың пайдаланылуы арнайы жұмыс түріне байланысты
анықталады.
Сол себепті бұл топтағы құрылғылар қосымша перифериялық құрылғылар деп аталады. Перифериялық құрылғылар компьютерге жүйелік блоктың сырт жағындағы арнайы тарақша ұялар (разъемдар) арқылы қосылады. Бұл топқа монитор мен пернетақтадан басқа
мына құрылғылар жатады:
oo принтер - мәтіндік және графикалық мәліметті баспаға шығару құрылғысы;
oo тышқан - компьютерге мәлімет енгізуді жеңілдететін құрылғы;
oo джойстик - жеңіл қозғалатын тұтқасы бар ұршық тәріздес қол тетік, негізінен компьютерлік ойындар үшін қолданылады, т. б. құрылғылар.
Кейбір құрылғылар, мысалы, әртүрлі сканерлер (компьютерге сурет пен мәтін енгізуге арналған құрал), жүйелік блокқа байланысудың аралас тәсілдерін пайдаланады: жүйелік блокқа сканер жұмысын басқаратын электрондық тақша (контроллер)
орнатылады да, ал құрылғының өзі сол тақшаға шоқсым - кабель арқылы қосылады. Қазіргі кезде жаңадан жасалған, бұрынғыдан гөрі жетілдірілген перифериялық құрылғылар шығарылып жатыр.

4
Өтілген сабақты
(материалды) бекіту
1. ДК перифериялық құрылғысы нешеге бөлінеді?
2. Жүйелік перифериялық құрылғыларға қандай құрылғылар жатады?

Страницы: <<  <  1 | 2 | 3  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: