Дені саудың - жаны сау

Страницы: 1 | 2  >  >>

1-топқа арналған мәтін.
Балалар мен жасөспірімді дұрыс тамақтандыру олардың денсаулығын нығайтып, дене және ой қабілетінің дамуына мүмкіндік береді, еңбек ету мен сабақ үлгеру қабілетін арттырады. Егер тамақтану дұрыс ұйымдастырылмаса, тиімсіз, яғни жеткіліксіз болса, организмде метаболизм, зат алмасу бұзылып, оның айналадағы ортаның зиянды әсеріне және әртүрлі жұқпалы ауруларға қарсы тұрарлық қабілеті төмендейді. Балалардың тамақтануының үлкендерге қарағанда, едәуір айырмасы болады. Үлкендерге тамақ организмдегі тіршілік процестерін қолдану үшін, әртүрлі жұмыстарға жұмсалған күш қуатты қалпына келтіру үшін қажет болса, өсіп келе жатқан жас организмге тек өмірлік процестерді ғана қолдану үшін емес, сонымен бірге бүкіл организмнің өсу, даму, қалыптасу процесіне қажет.

2-топқа арналған мәтін.
Темекі- адам денсаулығына өте зиян. Темекінің құрамында өте улы зат- никотин бар. Оны шеккенде адам ауамен бірге темекінің де түтінін жұтады.
Шылымның күніне жиырмасын тартқан адам 90 мл шамасында никотин жұтады. Алғаш рет темекі тартқанда адам уланады, басы айналады, жүрегі қағады, құсады, қол-аяғы дірілдейді.
Темекі шегетін адамдар көбінесе суық тиіп, тағы басқа ауруларға тез шалдығады және олардың тісі тез сарғайып,аузынан жағымсыз иіс шығады. Темекінің түтіні өкпе тарамдары мен тыныс жолдарын бітеп, түрлі ауруларға шалдықтырады. Никотин қан тамыршаларын тарылтады. Бұл өкпе ауруларына шалдықтырады, өкпе ауруымен ауырғандардың 97 пайызы - шылым шегетіндер.

3-топқа арналған мәтін.
Әрбір адам спортпен айналысу керек. Өйткені спортпен айналысқан адамның дені сау, көңіл-күйі көтеріңкі болады. Спорттың көп түрі бар: волейбол, баскетбол, гимнастика, суда жүзу т. с. с. Денешынықтыру сабағы денсаулықты қалыптастыруды негізгі мақсат етеді.

Страницы: 1 | 2  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: