жүлдыздардың аттары газет-журналдардың беттеріне басылады. Олар жұмыстан босатылады, үйінен айырылады, емтихан тапсыра алмайды немесе оқуын тастайды, сөйтіп өзіне де және өзінің жақындарына да ауыр жағдайға душар етеді. Саған сондай өмір қажет емес!
Егер адам темекі тартып, есірткі қолданса және көп арақ ішсе одан тоқтау өте қиын. Ең оңайы оны ешқашанда бастамау.
Егер де маған темекі тарт, есірткі қолдан немесе арақ ұсынса, ал мен олардың біреуін де қаламасам, не істеуім керек?
Егер саған олар ұнамаса, қорықпай, ашықтан-ашық оны өзінің қаламайтындығыңды айт. Мүмкін, біреулер сені түсінбейді, бірақ сен өз-өзіңе деген құрметті жоғалтпайсың. Ал, олар сені қорқытып, саған үстемдік көрсетіп, компаниямызға қоспаймыз деп, саған билік жүргізгісі келеді. Ондай адамдарға еруге болмайды. Темекі тартпағаның, есірткі қолданбағаның үшін басыңды көтеріп, кеудеңді жоғары ұстағаның жөн. Оның орнына кітап оқып, спортпен шұғылданғаның жақсы. Есіңде болсын, өзіңе ұнамайтын адамдармен сөйлесуіге сен міндетті емессің.
Егерде, компаниядағы балалар саған темекі берсе, спиртті ішімдік не дәрі берсе, қорықпа, өзіңе деген нақты сенімнен шықпай "ЖОҚ" -- деп айт. Олардың достығын жоғалтып алам деп қорықпа, өйткені шын дос СЕНІ сыйлайды және СЕНІҢ шешіміңді қолдайды. Темекі тартпайтын, спирттік ішімдікті ішпейтін, есірткі қолдануға ниеттері жоқ жаңа жолдастарды табуға тырыс.
Сен мынаны түсін, сен бұл өмірге дүниеге келгенде, сені нашақорлық, темекі немесе арақ өлтірсін деп туылған жоқсың.
Саған наша қолдан, арақ іш немесе темекі тарт дейтіндер сенің өлімің үшін ақша табуға ниеттенгендер деп түсін.
Нашаға тәуелділік дегеніміз не?
Нашақорлық - бұл, нашаға тәуелді болып, оны қайта-қайта қолдану дегенім
Страницы: << < 4 | 5 | 6 | 7 | 8 > >>