Денелердің өзара әрекеттесуі. Дененің массасы. Заттың тығыздығы. Қайталау

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>

Класы: 7
Сабақтың тақырыбы: Денелердің өзара әрекеттесуі. Дененің массасы. Заттың тығыздығы. Қайталау.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік:Оқушылардың «Денелердің өзара әрекеттесуі», «Дененің массасы», «Заттың тығыздығы» тақырыптары бойынша алған білімдерін тексеру, жүйелеу, білімді талдап қорыту, жалпылау.
Дамытушылық:Жеке тұлғаның ойлау және есте сақтау,физикалық тілде сөйлеу қабілеттерін, шығармашылық ізденісін дамыту.
Тәрбиелік: Оқушының білімге құштарлығының, еңбекке икемділігінің дамуына ықпал жасау, жауапкершілікке, ұжыммен жұмыс жасай білуге тәрбиелеу
Сабақтың типі: Бекіту, жүйелеу сабағы
Сабақтың әдісі:ойын сабақ
Пән аралық байланыс:Әдебиет, математика.
Техникалық құрал-жабдықтар:Интерактивті тақта, компьютер,
Сабақтың көрнекілігі: Рower pointортасында тағайындалған әртүрлі презентациялар.
Көрнекілігі:Үлестірмелі кеспе-қағаздар, үйге берілетін тапсырмалар парақтары, эксперименттік тапсырмалар, топ аттары жазылған парақшалар, жеребелік жетондар.
Жоспары:
І. Ұйымдастыру
ІІ. «Бақытты сәт» ойыны
І гейм. «Жұмбақ шешейік»
ІІ гейм. «Сен білесің бе?»
ІІІ гейм. «Көсемдікке ұмтылу»
IV гейм. «Эксперименттік тапсырма»
V гейм «Қызықты есептер»
ІІІ. Қорытындылау
ІV. Бағалау
V. Үйге тапсырма
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру
А) сәлемдесуӘ) оқушыларды түгелдеу
Б) оқушыларды екі топқа бөлу: «Масса», «Тығыздық», «Жылдамдық»
ІІ. «Бақытты сәт» ойыны
Ойынның шарты: Сыныпты екі топқа бөліп, топ басшыларын сайлау керек.
І гейм «Жұмбақ шешейік». Барлық топқа бірдей жұмбақтар оқылады, әр топ жарыса жауап береді.
ІІ гейм «Сен білесің бе?»Сұрақтар топтарға ортақ қойылады.
ІІІ гейм «Көсемдікке ұмтылу». Физикалық шамалар жайлы кесте беріледі, бос торларды толтыру кер

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: