ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ ТӘРБИЕСІ

Страницы: 1

Дене шынықтыру тәрбиесі
Дене шынықтыру тәрбиесі дегеніміз адам денсаулығын сақтау мен нығайту және дененің дұрыс дамып қалыптасуына жеткізу.
Дене шынықтыру тәрбиесінін максаты -- салауатты өмір сүру негіздерін білу және ұстану, өз еркімен дене шынықтыру және спортпен шұғылдану дағдыларын қалыптастыру.

-- денсаулықты нығайтуға және дене шынықтыруды дұрыс дамытуға ықпал жасау;
-- табиғи қозғалтқыш қасиеттерді дамытып жетілдіру;
-- дене шынықтыру мен жүйелі шұғылдануға тұрақты қызығушьшық пен қажеттілікті тәрбиелеу;
-- табиғат күштерімен балалар денесін шынықтыру (күн, су, ауа)
-- ақыл-ой және дене еңбегіне қабілеттілікті жетілдіру;
-- гитиеналық дағдыларды қалыптастыру.
Дене шынықтыру тәрбиесінің мазмұны жас ұрпақты дене шынықтыру мәдениетінің әр түріне, әскери-өнер әрекеттеріне қатысуын, адам денесінің оның ақыл-ой, сезім, еріктерімен үйлесімді дамуын қамтиды.
Қазіргі кезде мектептің тұтас педагогикалық процессінде салауатты өмір салтын сақтау кеңінен насихатталуда, валеология сабақтары өткізілуде, төтенше жағдайларда өзін-өзі қалай ұстау керектігі туралы курстар оқылып, барлық мектептерде психологтар, медицина қызметкерлері баланың денсаулығын,
психофизиологиялық жағдайы мен әлеуметтік деңгейін зерттеп, ескеруді жақсарту жұмыстарын жүргізуде.
Эстетикалық тәрбие дегеніміз балалардың бойында өз өмірін сұлулық заңдарына сай кұра алу кажеттіліктері мен дағдыларын қалыптастыру және, енбекте, коғамдық іс-әрекетте адамдармен қатынас жасауды сұлулық идеалдарын негіздеу.






Страницы: 1
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: