Шығармашылық есебі.
"Дене шынықтыру сабағында спорттық ойындар арқылы оқушылардың
дене қозғалыс қасиеттерін қалыптастыру"
Дене шынықтыру пәнінің келешек ұрпақ өмірінде алатын орны жас ұрпақты жан-жақты дамыған, ой-өрісі биік, тұлғасы сымбатты азамат етіп өсіру үшін тәрбие жүйесінде дене тәрбиесінің алар орны орасан зор. Ал оны неғұрлым ерте кезінен бастап, дұрыс жолға қойып жүргізсе соғұрлым нәтижесі жемісті болатыны анық. Демек болашақ азаматтың дені сау, мүсін тұлғасы дұрыс қалыптасқан, жігерлі де қайратты болып, көпшілдік дағдыларын бойына терең сіңіріп өсуіне мектептердегі дене шынықтыру пәнінің қосар үлесі зор. Мағжан Жұмабаевтың "Дене тәрбиесіне жеңіл қарауға болмайды. Дене - жанның қабы. Қап берік болса ішіндегі заты берік болмақ, Дене - жанның құралы. Құрал мықты болса иесі де мықты. Сау жан - сау денеде ғана болады"-деген сөзі де бар. Осы сөздерді есіме сақтап, оқушылардың жылдамдық, ептілік, төзімділік, шыдамдылық, ұжымшылдық т. б қасиеттерін дамытуына ерекше көңіл бөлінгені дұрыс деп ойлаймын. Сол себептен
оқу барысында жаңа әдіс тәсілдерді, формаларды және ойын технологияларын қолданамын,керекті ақпаратты өз білімімді жетілдіру тақырыбы бойынша: "Дене шынықтыру сабағында спорттық ойындар арқылы оқушылардың дене қозғалыс қасиеттерін қалыптастыру" арқылы оқып білемін.
Жұмысымның басты мақсаты: "Оқушылардың денсаулықтарын нығайту, балалардың салауатты өмір салтына қарым-қатынасын қалыптастыру үшін қолайлы жағдай жасау, мектебіміздің барлық мүмкіндіктерін қолдана отырып, дені-сау, әлеуметтік - бейімделген физикалық тұрғыда дамыған адамды қалыптастыру".
Оқыту үрдісі келесі міндеттерді
Страницы: 1 | 2 | 3 > >>