Дене шынықтыру сабағында жаңа оқыту технология элементтерін пайдаланудың тиімділіктері.

Страницы: 1

Сабақта жаңа оқыту технология элементтерін пайдаланудың тиімділіктері.
Дене шынықтыру сабағында технологиялық элементтер пайдалану десек,қателескендей боламыз . Дене шынықтыру сабағы оқушылардың қимыл-қозғалысын,дене жағынан жалпы дамуы,қозғалыс даярлығын жетілдіру болып табылады.
Қысқа қашықтыққа жүгіру (30 м/с 60 м/с)
Өткен сабақты жетік меңгеру-біздің сабағымыздың басты мақсаты. Ал оқушылардың дене жағынан жалпы дамуы мен қозғалыс даярлығын жетілдіру-сабақтың дамытушылық саласын қамтиды.
Сабақ тәрбиелік мәні-оқушыны дене тәрбиесіне жан-жақты қалыптастыру болып табылады.
Сабақ типі-оқушылардың дене шынықтыру сабағында денсаулығын нығайту.
Сабақтың әдісі-сабақты ойын түрімен және жұппен тұрғызып жарыстыру.
Көрнекілігі мен жабдықтары-секундомер,флажок,спорт алаңы.
Сабақ барысы.
I Сапқа тұрғызу,мәлімет қабылдау,сабақтың мақсатын түсіндіру,саптағы жаттығуларды қайталау.
Бұрылыс,баяу жүріс. Денені қыздыру және денені дамыту жаттығулары.
1. Басқа,мойынға арналған арнайы жаттығу;

Þ

2. Қол,иық,саусақ шынтаққа арналған арнайы жаттығу.
3. Белге арналған жаттығулар. (артқа,алдыға,оңға,солға еңкею)
4. Аяққа арналған жаттығулар;
5. Секіру жаттығулары.
6. Тыныс алу жаттығулары.
II 30 м және 60 метрге жүгіру.
1. 3х10,3х15,3х20 метрді бірнеше мәрте өте жылдам екпінмен қашықтықты қайталап жүгіру.
2. Жоғары сөреден дұрыс шығу әдісін бірнеше рет қайталау әдісі.
3. Оқушыларды жұпқа тұрғызып,30 және 60 метрді өте тез жылдамдықпен жүгіртіп уақытын тексеру.
III. Тыныс алу жаттығулары.
Оқушылармен өзара сұхбаттасу,оқушыларды бағалау.
Сабақты қорытындылау.
Үйге тапсырма:Секіргішпен арасында бірнеше мәрте демалыс жасап секіру.




Страницы: 1
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: