/>
Аруларымыз сайысымыздың келесі шартына дайын болғанша ортаға жігіттеріміздің
"Кабои " биін тамашалаңыздар.
Келесі ұлдарымыздың "Әжелерғе арналға" өлең шумақтарын тыңдаңыздар
Ерназар : Аналарды сүйеміз
Сөзін ойға түйеміз
Әжені де ардақтап
Әдеппен бас иеміз
Менің әжем, нар әжем
Көп жасаған кәрі әжем
Ауырғанда мен үшін
Әр сүйгені дәрі әжем
Алмас. Менің әжем, жыр әжем
Ұл мен қыздың бағы әжем
Ертегі айтып бер десең
Айтып берер тағы әжем
Азат: Менің әжем гүл әжем
Айтқан сөзі дәл әжем
Аман болса көреді
Қызығымды әлі әжем
2. Жүргізуші: Келесі, сайыс "Анасын көріп, қызын ал". Аруларымыз мың бұралған биімен, тамылжыған әнімен ортаға өз өнерлерін көрсетеді!
3. "Шебер қолдар" сайысы. Аруларымыз алдарыңызда қазақтың қол өнерімен жасалатын түс киізді жабыстырып, жасап көрсетеді. Ал, кәне, арулар, іске сәт!
Аруларымыз тапсырмаларын жасағанша, алдарыңызда жігіттер тобының
"Джентельмен " биін тамашалаңыздар! /Арулар жұмыстарын әділ қазылардың алдына қойып, келесі сайысқа дайындалады/.
"Анашым" әні орындалады. ұлдар тобы.
4. Келесі,сайыс "Қыздарға әсемдік жарасады". Аруларымыздың сәнді киімдерін тамашалаңыздар!
5. "Ас қадірін білмеген аштан өлер,ат қадірін білмеген жаяу қалар" дегендей, келесі сайысымыздың шарты "Қонақжайлық - ата дәстүріміз" деп аталады. Аналар мен қыздардың алтын қолдарымен үйде дайындалған мерекелік тағамдармен . /Арулар тәті тағамдарымен таныстырады/
"Гүлдер" биін тамашаланыздар қыздар тобы.
Келесі сөз кезегі әділ-қазылар алқасына сөз беріледі . Сайысқа қатысқан аруларға:
Страницы: << < 1 | 2 | 3 | 4 > >>