Дауысты дыбыстар

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>

Сыныбы: 5
Сабақтың тақырыбы: Дауысты дыбыстар. Ашық, қысаң дауыстылар.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: ашық, қысаң дауыстылар туралы түсінік беру. Айтылу ерекшеліктерін ұғындыру. Сөз жасау, сөйлемді дұрыс құру тәсілдерін таныстыру.
Дамытушылық: шығармашылық ойлау қабілеттерін арттыру, өз бетінше ізденуге дағдыландыру, оқушының тіл байлығын жетілдіру.
Тәрбиелік: тіл қадірін сезіне білуге, сөз мағынасын терең түсінуге, дұрыс қолдана білуге тәрбиелеу.
Сабақтың типі: білік пен дағдыны қалыптастыру
Сабақтың түрі: Жаңа білімді меңгерту сабағы.
Көрнекілігі: тірек сызбалар, таблицалар
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ. Қайталау - оқу анасы. (үй тапсырмасын сұрау)
1. Фонетика нені зерттейді?
2. Дыбыс дегеніміз не?
3. Тіл дыбыстары қалай жасалады?
4. Қазақтың төл дыбыстарын ата.
5. "Әліп би" сөзінің мағынасы қандай?
6. Дауысты дыбыстар қалай жасалады?
7. Жуан, жіңішке дауыстыларды ата.
ІІІ. Жаңа сабақ. (тірек сызбалар арқылы түсіндіріледі. )
Дыбыстар: дауысты, дауыссыз
Дауысты дыбыстыр: тілдің қатысына қарай:

1) жуан: а, о, ы, ұ, у
2) жіңішке: ә, ө, і, ү, е, э, и, у
Жақтың қатысына қарай:
1) ашық: а, ә ,о, ө, е, э
2) қысаң: ы, і, и, у, ұ, ү
Ерін мен езудің қатысына қарай:
1) еріндік: о, ө, ұ, ү, у
2) езулік: ә, е, і, а, и, э, ы
ІУ. Кітап- досың , ақылшың. (оқулықпен жұмыс)
244 - жаттығу. Мәтінді оқып, ашық дауысты дыбыстарды табыңдар.
245 - жаттығу. Мына жұмбақтардың шешуі қай дыбыс? Дауыстылардың қайсысына жатады?
246 - жаттығу. Мәтіннен ашық дауысты дыбыстарды бір бөлек,
қысаң дауысты дыбыстарды бір бөлек теріп жазыңдар.
У. Мақал - сөздің мәйегі. 1. Бірыңғай дауысты дыбыстан басталатын мақалдар айтыңдар.
2

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: