Дарындылар додасы

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>

Жамбыл облысы , Талас районы, Қараой ауылы, "Бірлестік" орта мектебі
Пән мұғалімі: Мырзабекова Жаныл Тайыровна

Тақырыбы: "Дарындылар додасы"
Сабақтың мақсаты:
1. Оқушылардың математика пәніне деген қызығушылығын арттыру.
2. Сана сезімін жан-жақты дамыту, зеректілігін қалыптастыру.
3. Оқушылардың ой-өрісін кеңейтіп, шығармашылық қабілетін дамыту.
Оқушыларды төзімділікке, алғырлыққа, табандылыққа тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Ұлағатты сөздер, слайд, логикалық есептер, әр топқа
даярланған үстел.
Жоспар:
1. Таныстыру.
2. Тапқырлық сайысы.
3. Біліктілік сайысы.
4. "Ойымды жалғастыр"
5. "Кім жылдам ?"
Ойынның барысы:
Жүргізуші :
Қайырлы күн құрметті ұстаздар, оқушылар! "Қазақстанның болашағы - білімді ұрпағында" демекші, сендер сол болашаққа бүгінгі білімдеріңмен, бастау алып отырсыңдар. Бүгінгі сайысымыз сіздердің білімдеріңізді, ұшқыр ойларыңызды
ортаға салу. Олай болса, "Дарындылар додасы" атты сайысымызға қош келдіңіздер!
Бүгінгі сайысқа үш топ қатысады, сол топтарды ортаға шақырамыз.

І. "Таныстыру" (Әр топ өзін таныстырады. Топтардың танысуы 5 ұпай).

ІІ. "Тапқырлық сайысы" (Сұрақ - жауап. Әр дұрыс жауапқа 2 ұпай. Әр топқа 12 сұрақтан қойылады ).

IIІ. Біліктілік сайысы. (Әр командадан бір оқушыдан шығып сұрақтарға жауап береді. Әр дұрыс жауап 5 ұпай. )

ІV. "Ойымды жалғастыр". (Мақал-мәтелдер. )
"Кім жылдам ?"(Әріптері араласып кеткен сөздерді табу).
Бірінші кезең: "Өзін - өзі таныстыру". Бұл кезеңде әр топ өзінің атын, ұранын айтып, бір - бірімен танысады.


II. Екінші кезең.
2. "Тапқырлы

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: