Дарынды балалармен жүргізілетін жұмыс түрлері.
Жангулова Айхан Газизовна
Облыстық математика, физика, информатика саласында мамандандырылған дарынды балаларға арналған мектеп - лицейінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі
Бүгінгі таңдағы негізгі мақсат - ұлттық құндылықты әлемдік деңгейге шығаруға қабілетті, өзіндік жеке көзқарасы қалыптасқан тұлға тәрбиелеу. Ол үшін оқушылардың белсенділігін арттыру, ізденімпаздыққа үйрету және білімді өз бетінше алуы мен қолдана білетін дарын иесін тәрбиелеу керек.
Баланың белгілі бір іс -әрекетке белсенділігі жас кезінен байқалады. "Дарындылық" термині "дарын" сөзінен шыққан, адамның ерекше қолайлы ішкі алғы шарты дегенді білдіреді. Дарындылық білім беру, тәрбиелеу жұмысының әсерінен ғана емес, балалардың өз қүштерін жүзеге асыру кезінде ғана дамиды.
Мұғалім ретінде оқу мен тәрбие саласындағы аса маңызды міндет - талабы таудай дарынды жеке тұлғаны іздеп тауып, оны жетілдіріп шығару. Ал мақсаты - тәрбие мен білім халықтық бола отырып, ұлттық дәстүрді ұстаушы, дені сау, адамгершілігі мол, қабілеті дамыған, жан-жақты, саяси сауатты, өресі биік азаматтарды тәрбиелеу.
Дарынды балаларды оқытуда зерттеу әдісін қолдану қажеттілігі олардың табиғи қызығушылығының жоғарлығымен, қоршаған ортасына деген құштарлығының басымдылығымен түсіндіріледі.
Дарынды балалармен жұмыс жүргізудің мақсаты
1. Баланың шығармашылық қабілетін және өз бетінше
шығармашылық ізденісін дамыту.
2. Пәнге терең қызығушылығын арттыру.
3. Оқушының әсерлілік сезімін қалыптастыру.
4. Оқушының белсенділігін арттыру мақсатында даму деңгейін,
танымдық белсенділігін арттыра оқыту.
5. Жалпы білім - білік дағдыларын дамыта оқыту.
6. Білімнің бағас
Страницы: 1 | 2 | 3 > >>