өп не деген
Жеп тауыса алмайсын!
Өрік, шие, балы бар
Қарбыз, қауын көбейді.
Жегің келсе, бәрін ал,
Неге аласың демейді.
Жансая:
Жемісі мол теретін.
Күз дос екен бізбенен
Бәрін тауып беретін.
Жомарт екен күз деген.
Медғат:
Қамба толды астыққа,
Алғыс саған, алтын күз!
Бір уыс дән шаштық та,
Қап қап қауын алдық біз.
- Балалар, біз дәрумендерді қайдан аламыз?
- Көкөніс пен жеміс-жидектерден.
- Тәрбиеші: Дұрыс айтасыңдар, балалар, олай болса біз бүгінгі ұйымдастырылған қызметімізде көкөністер мен жемістер туралы әңгімелесеміз, оларды ажырата отырып адам денсаулығына пайдасы жөнінде айтамыз.
- Балалар, жемістер қайда өседі?
- Жемістер ағашта өседі, оларды су құйып, баптап өсіреді.
- Олар қайда өседі?
- Олар ағашта бақта өседі.
- Ал көкөністер қайда өседі?
- Олар қай уақытта жинап алынады?
- Күз мезгілінде.
- Көкөністер бау-бақшада өседі. Оларға су құйып қопсытамыз.
Жемістер мен көкөністердің адам денсаулығына пайдасы өте көп, балалар, оны тазалап, жуып жеуіміз керек. Оларды жеп жүрсек адамдар еш уақытта ауырмайды. Оларды күз мезгілінде жинап алып, дүкендерге сатуға шығарады, олардан адамдар әр түрлі салаттар жауып, қыстыққа дайындап алады
-Балалар сендер қандай жемістер мен көкөністерді білесіндер?
Балаларға жемістер мен көкөністер туралы бейне баян көрсетем
-Ал балалар жемістер қайда өседі.
- Ал, көкөністер қайда өседі
-Балалар бізге әжей ғажайып дорба беріп жіберіпті.
-Ғажайып дорбаны кім ашады?
-Қане Айсана ашағой.
-Қане қарайық ішінде не бар?
-Мынау не кім айтады?
-Қияр жеміс пе көкөніс пе?
-Қияр қандай пішінге ұқсайды?
-Ал балалар мынау не?
-Алма қандай пішінге ұқсайды?
Страницы: << < 1 | 2 | 3 > >>