Пәні: Қазақ тілі
Сыныбы: 2 сынып
Уақыты:27. 01. 14 ж
Сабақтың тақырыбы: Дара және күрделі етістік (2 сағат)
Құзіреттілікке жеткізетін сабақтың мақсат-міндеттері:
А)Ақпараттық құзіреттілігі:
Ә)Коммуникативтік құзіреттілігі:
Б)Проблеманы шешу құзіреттілігі:
Ақпарат көздері арқылы етістік туралы білімдерін толықтырып, олардың түрлері мен сұрақтарымен таныстыру. Заттың қимылын білдіретін сөздерге сұрақ қоя білуге,сөз ішінен дара және күрделі етістікті таба білуге үйрету;
Жаттығулар мен тапсырмаларды өз бетімен орындауы,оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту. Балалардың сөздік қорларын, ойлау қабілеттерін дамыту;
Етістіктен алған білімдерін ауызша және жазбаша тілде пайдаланылануын дағдыландыру. Тазалыққа, ұқыптылыққа, шапшаңдыққа тәрбиелеу;
Сабақтың типі: Аралас сабақ
Сабақта қолданылатын пед. –техн. Дамыта оқыту технологиясы
Сабақтың әдісі: Сұрақ-жауап,көрнекілік,,практикалық.
Пәнаралық байланыс:Әдебиеттік оқу, дүниетану.
Оқыту құралдары: Оқулық,тақта,суреттер, сызбалар.
Сабақтың барысы: Мұғалімнің қызметі: Оқушының қызметі: Күтілетін нәтиже:
І. Ұйымдастыру бөлімі. -Сәлеметсіздер ме? Отырыңыздар.
-Сыныпта кім кезекші? Кім жоқ. -Орындарынан тұрып амандасады. Кезекші жоқ оқушыларды айтады. Барлығы назарларын сабаққа аударады.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру. Үйге тапсырмасын дәптерлерін жинап алу арқылы тексереді. Үйге берілген тапсырманы талапқа сай орындайды.
Өз бетімен орындаған жұмыстары есепке алынады.
ІІІ. Өткен материалды қайталау. Сөздік диктант. Дара және күрделі етістіктерді екі бағанға бөліп жаз.
Ойнады, кіріп келді, алғызды, апарып тастады, көгерді, жинап алды, еркеледі, ойлап отыр, достасты, келді, айтып тұр, барады, еркелетіп отыр.
Етістіктерді құр
Страницы: 1 | 2 | 3 > >>