үні
Бар әлемге береке шашқан таңы
3. Қуаныштан кеудені ұрды жүрек
Шаттанамыз ұлы елдің ұл-қызы боп
Жарқырай бер көгімде,Наурыз күні
Ырыс құтың,бақыттың жұлдызы боп.
4. Армысың,ұлыстың ұлы күні Наурыз!
Күтумен сені сағына зарыққанбыз
Ешбір елдің мейрамы сған жетпес,
Дәстүрлерің қадірлі әдет-ғұрпың
5. Құт береке мейрамы Наурыз келді.
Көңілдерде қамыққан қайғы сөнді.
Өлкемізге сарқылмас нұрын төкті.
Көкте күн де жарқырап күліп тұрды.
6. О,халқым әз мерекең құтты болсын
Қазаныңда Наурыз көже қайнап тұрсын
Тәуелсіздік заманда ұл мен қызың
Татулықпен бұл күнді тойлай берсін
7. Наурызым жерді оятып,кел тойлатып
Гүлдерге би билетіп,әкелді ойнатып
Еңбекке жаны құмар дихандарды
Қуантып бауы берік бел байлатып
8. Көк шыға қозы-лақтар ойнақтайды
Танысып иіскейді тайлақ тайды,
Жанұя абыржиды,ақ көбейіп
Ыдысқа сыйғыза алмай қаймақ майды.
1-басқарушы. Ұлыс күні жаңбыр жауса нұр жауды деп қуанған,Наурыз күні жауған қарды "Ақша қар" деп атаған. Ұлыс күні қар жауса "Нұр жауды,туар жыл жақсы болады" деп саналған Наурыз қары "Ақша қар" деп аталады. Енді кейбір халықтың болжамдарға назар аударайық.
-Егер сол күні қарға түскен құмалақ сіңіп кетпей қар үстінде қалса,көктем 40 күн кеш шығады.
-Егер сол күні қарға тастаған құмалақ қарға бармақ бойындай батып кетсе,көктем ерте шығады.
-Ұлыс күні күн сәулесі жан-жаққа шапағын төге шашырап,рауандап атса,ол жыл жанға жайлы,молшылық жылы болады.
-Күннің түсі күңгірт тартып қораланып,солғын көрінсе,ол жылы жауын-шашын көп болады.
-Егер күн қызыл түске боялып сарғыш ыстық лебі бірден бетке ұрып,шақырайып шықса,ол жылы құрғақшылық болады.
-Егер көктемнің бірінші жаңбырында күн
Страницы: << < 1 | 2 | 3 | 4 > >>