Сынып сағатының тақырыбы:
Солтүстік Қазақстан туған өлкем
Сынып сағатының мақсаты:
Оқушылардың туған жерге сүйіспеншілігін арттыру және туған жердің барлық байлықтары туралы түсінік беру.
Сынып сағатының барысы:
Мұғалімнің сөзі:
Балалар биылғы жылы ерке Есілдің бойына қоныс тепкен өлкеміздің мерей тойы. Осы жылы Солтүстік Қазақстан облысының құрылғанына 70 жыл толып отыр. Осыдан 70 жыл бұрын Қызылжар өңірінде отау тіккен облысымыздың өткендегісі жасампаздыққа бағытталып, жеңістерге жетелеген жігерлі істерімен шыңдалса, қазіргі еңбек тынысы егемен еліміздің жарқын болашағына өзінің сүбелі үлесін қосуда. Қазақстанның ең астықты өңірі ортақ мақсат жолындағы күресте ширығып, облысымыздың барлық еңбеккерлері жолында еңбек көрігін қыздыруда. Солтүстік Қазақстан облысымызда Сырымбет, Имантау, Шалқар, Айыртау деген сияқты көрікті жерлер өте көп.
Көз алдымда көгілдір
тау мұнартып,
Аспанымда аққудың әні қалқып.
Құшақтап бір өзіңді туған далам,
Жатамын көк шалғында
жаным балқып.
Тасып жатқан өзендер
жағасынан,
Сары белде сағымдар арасынан.
Тарайды дән жұпары бар әлемге,
Қазақстан қасиетті даласынан.
Солтүстік Қазақстан облысының орталығы – Петропавл қаласы. Петропавл қаласы еліміздің солтүстік қақпасы теңеуіне ие болған шаһар.
1752 жылғы 27 ақпанда Ресей империясының жаңа Есіл белдеуін салу жөніндегі Жарлығы шықты. Оның негізгі орталығы Әулие Петр бекінісі деп аталады. Ол қазіргі Петропавл қаласы. Қазіргі Петропавл қаласы, тек қана облыс орталығы емес, облысымыздың тарихи және мәдениет орталығы болып есептеледі.
Солтүстік Қазақстан жерінен талай дарынды, атақты адамдар шыққан. Оның ішінде Шоқан Уәлиханов, Мағжан Жұмабаев, Сабит Мұқанов, Ақан сері, Ғабит Мүсірепов,Иван Шухов, Ш
Страницы: 1 | 2 > >>