Батыс Қазақстан облысы
Теректі ауданы
Подстепный қазақ ЖОББМ
Информатика мұғалімі Баян Сабыргалиевна
Сабақ тақырыбы: "Логикалық амалдар, ақиқат кестесі, екілік арифметика, санау жүйесі" тақырыптарына есептер шығару.
Сабақ мақсаты:
Білімділік:Санау жүйесіне, логикалық тапсырмаларға, ақиқат кесесін құруға, екілік арифметикаға есеп шығаруға үйрету, дағдыландыру.
Дамытушылық: Ойлау, жобалау қабілеттерін, логикалық қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік: ДК жұмыс істегенде тәртіпке, тазалыққа, адамгершілікке тәрбиелеу
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі:
Оқушыларды жеке- өзіндік және топтақ әдістер арқылы өткен сабақтарды қорытындылау үшін екі топқа бөліп отырғызамын. Топ басшысы бағалайды.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру (Сұрақ-жауап әдісі)
1 топқа
1. Пікір дегеніміз не? Жоққа шығару үшін айтылатын сөйлем. Жалған және ақиқат болуы мүмкін пайымдаулар.
2. Логикалық көбейту деп нені айтады? Және жалғау көмегімен алынатын пікір-конъюнкция
3. Дизъюнкция дегеніміз не? Немесе жалғау көмегімен алынатын-дизъюнкция
2 топқа
1. Логикалық терістеу деп нені айтады?Емес жалғау көмегімен алынады-инверсия
2. Санау жүйесі деген не? Сандардың аталу және жазылу тәсілін санау жүйесі деп атайды.
3. Санау жүйесі неше топқа бөлінеді? позициялық және позициялық емес.
III. Тапсырмалар орындау.
1 тапсырма. Алдарына беріледі, жауаптарын оқылады.
Пікір
Жалғау
Логикалық амал
1 топ. Тәуелсіздігіміздің тұғырлығын нығайту жолында елімізде түрлі іс-шаралар және маңызы бар келісімшарттар жүргізілуде.
Ертең ауа райы жақсы болса, онда біз қаланың сыртына шығамыз немесе орманға барамыз.
Жаз болғанда және ауа райы жақсы болғанда, біз теңізге демалуға б
Страницы: 1 | 2 | 3 > >>