Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
" Көкжайық орта мектебі" КММ
Сабақ жоспары
Сабақ тақырыбы: Бұрыштар. Бұрыштың градустық өлшемі. Транспортир
5 "Ә" сыныбы
ШҚО, Көкпекті ауданы, Көкжайық ауылы,
"Көкжайық орта мектебі" КММ - ң
информатика және математика пән мұғалімі
Сіләмбек Жеңісбек
Тел: 87753901638
2014-2015 оқу жылы
Күні:
Сынып: 5 "ә"
Сабақтың тақырыбы: Бұрыш. Бұрыштың градустық өлшемі. Транспортир.
Сабақтың мақсаты:
1. Білімділігі: Бұрыш, бұрыштың градустық өлшемі және транспортир туралы мағлұмат беру.
2. Дамытушылық: Логикалық ойлау қабілеті мен есептеу дағдыларын жетілдіру, өз бетінше еңбектену, белсенділіктерін арттыру, пәнге қызуғушылығын ояту.
3. Тәрбиелік: Оқушылардың өз ойын толық, дұрыс жеткізе білуге, тапқырлыққа, жылдамдылыққа, тәрбиелеу.
Сабақ түрі: Жаңа сабақ
Сабақтың көрнекілігі: слайд, деңгейлік тапсырмалар.
Оқытудың әдісі: Түсіндіру.
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі
а) Сәлемдесу,
ә) оқушыларды түгендеу,
б) оқушылардың назарын сабаққа аудару
в) сабақтың мақсатымен таныстыру
Жаңа тақырыпты түсіндіру.
Бір нүктеден шыққан екі сәуледен құралған фигура бұрыш деп аталады.
Қабырғалары толықтауыш сәулелер болатын жазыңқы бұрыш деп атайды.
Транспортирмен бұрышты өлшеу үшін:
1) Транспортирдің центрін бұрыштың төбесіне (О нүктесіне ) дәл келтіру керек;
2) Бұрыштың бір қабырғасы транспортир шкаласындағы санақ басы арқылы өтуі керек;
3) Бұрыштың екінші қабырғасы өтетін шкаладағы штрих осы бұрыштың градустық өлшемін көрсетеді.
Есептер шығару
1384, 1388 ж
Страницы: 1 | 2 > >>