C. Cейфуллин. Далада

Страницы: <<  <  1 | 2 | 3  >  >>

br/>Талдау,жинақтау,
қорыту.

ІІІ. Жаңа тақырып
Сейфуллин - ақын, қоғам қайраткері, драматург, жазушы, ұстаз, зерттеуші.
1894 ж. Қарашілікте дүниеге келді.
1905 ж. Нілді өзен орыс - қазақ мектебіне түсті.
1913 ж. Омбы семинариясына қабылданды.
1916 ж. Бұғалы мектебін ашты.
1922 ж. "Асау тұлпар" өлеңдер жинағы шықты.
1926 ж. Гүлбаһрам Батырбекқызына үйленді.
1936 ж. Еңбек Қызыл Ту орднеімен марапатталды.
1938 ж. С. Сейфуллин өмірден өтті.
"Абайдың інілері, қазақтың ірілері - Сәкен, Ілияс, Бейімбет" деп ақын жырлағандай, бүгінгі сабағымызда Үш бәйтерегіміздің бірі - Сәкен Сейфуллиннің 1922 жылы жарық көрген "Асау тұлпар" кітабының алғашқы бетіне арнау түрінде жазылған "Далада" өлеңімен танысамыз. Бұл өлең жинақпен сабақтас сағынды кең дала, еркіндікті аңсау, жастарға арнау деген 3 бөлімнен тұрады. Осы арнау жинақтың негізгі идеясын ашады. "Сарыарқа" күйі ойналып тұрады. Дала суреттері слайдпен көрсетіледі. Оқушыларға мұғалім төмендегі өлеңді мәнерлеп оқып беріп, көз алдарына нені елестете алғанын сұрайды.
Кестені толтыру:

Жылдар
Оқиғалар
Шығармалары








IV. Шығармашылық жұмыс
Мен бірнеше сөйлемдер оқимын, олар дұрыс немесе бұрыс болуы мүмкін, менің ойыммен келіссеңдер келіспесеңдер деген таңба қойылады.
1. С. Сейфуллин Сарыарқаның даласында Қарағанды облысында туған.
2. Оның "Өткен күнде" өлеңдер жинағы 1894 жылы Қазан қаласында басылып шықты.
3. Сәкеннің шын аты -- Сырымбет.
4. С. Сейфуллин 1916 жылы Омбыда оқытушылар семинариясын аяқтайды.
5. Оның "Дала" өлеңінің негізгі тақырыбы -- бостандық.
6. Өлеңде жас баладай -- теңеу болады. <

Страницы: <<  <  1 | 2 | 3  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: