Сабақтың тақырыбы: Бөлмеде . Грамматикалық тақырып
Жатыс септік
Сабақтың мақсаты: оқушылар берілген суреттер арқылы бөлмедегі заттарды және олардың не үшін қажеттігін, орналасуын біледі.
Күтілетін нәтиже:
1. Өздерінің бөлмелерінде не орналасқандығын айту арқылы ауызекі сөйлеу тілі жаттығады.
2. Қазақ тілінің төл дыбыстарын анық айтады.
3. Жаңа сөздерді есте сақтайды.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ.
Сабақтың әдіс-тәсілдері: оқу, қайталау, сұрақ-жауап.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру бөлімі.
- Сынып оқушыларын түгендеу;
- Сабаққа дайындығын тексеру;
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
6-тапсырма. "Ө" - дауысты дыбыс. /жаттап алу/
5-тапсырма. Тыңда. Оқы. /мәнерлеп оқу/
ІІІ. Ой қозғау.
Оқушылар алдымен өздерінің бөлмелері және онда не орналасқандығы туралы айтады.
ІҮ. Жаңа сабақ. Мынау - менің бөлмем.
6-тапсырма. Үлгі бойынша сөйлес.
"Ү" қандай дыбыс?
"Ү" - дауысты дыбыс.
"Ү" қандай дауысты дыбыс?
"Ү" - жіңішке дауысты дыбыс.
1-тапсырма. Тыңда, қайтала.
Мынау - менің бөлмем. Менің бөлмем кең және таза.
2-тапсырма. Сұраққа жауап бер.
Бөлмеде не бар?
Үстел, орындық, шкаф, кітап сөресі, төсек, терезе, есік, кілем.
3-тапсырма. Суретке қара. Қайтала.
Еден, қабырға
4-тапсырма. Тыңда. Қайтала
Еденде кілем жатыр. Қабырғада кітап сөресі ілулі тұр.
5-тапсырма. Тыңда. Оқы.
Мынау - менің бөлмем. Менің бөлмем кең және таза. Бөлмеде үстел, орындық, шкаф, кітап сөресі және төсек бар. Бөлмеде бір үлкен терезе және есік бар. Еденде кілем жатыр. Қабырғада кітап сөресі ілулі тұр.
Ү. Қосымша тапсырмалар.
1. Семантикалық картамен жұмыс. Әр оқушыға таратылады.
Сөз
Д
Страницы: 1 | 2 > >>