БІЛІМ АЛУШЫЛАРДЫ СЫН ТҰРҒЫСЫНАН ОЙЛАУҒА ДАҒДЫЛАНДЫРУ

Страницы: <<  <  2 | 3 | 4 | 5 | 6  >  >>

лушылар мәтінмен жұмыс жасап жатса, мұғалім олардың мәтінді оқу барысындағы белсенділігін, ынтасын қадағалайды.
3. Мәтінмен жұмысты ұйымдастыруда ойланып оқуды және оқығанды талдау үшін мұғалім әртүрлі әдістерді қолданады.
Осылайша, сын тұрғысынан ойлаудың "Мағынаны тану" екінші кезеңі мынадай қызметтерді атқарады:
Ақпараттық - (тақырып бойынша жаңа ақпарат алу).
Жүйелілік - (алынған ақпаратты білім деңгейі бойынша топтастыру).
Мотивациялық - (тақырыпқа қызығушылығын, танымдық ұмтылысын құптау)
Коммуникативтік - (жаңа ақпаратты алуда жанжалсыз ой алмасу)
Мақсат қоюшылық - (пайда болған жағдайға байланысты оқыту мақсатына түзетулер енгізу).
Үшінші кезең "Рефлексия" (толғаныс)
Рефлексия - білім алудың қорытынды кезеңі, білім алушылар сабақ бойы алған білімдерін, түсініктерін өз сөздерімен баяндап бере алатын, жаңа білімдерін көрсете алатын кезең.
Бұл саты саналы талдаумен, алынған білімді тәжірибеде қолданумен, жаңа идеялар мен түсініктермен жинақталады, бұл әркімнің жеке білімінің көрінетін уақыты. Рефлексия арқылы білім алушылар өз ойларын айқын тұжырымдайды, өз жолдастарымен, мұғаліммен қарым-қатынас жасай алады және жаңа ақпарат пен өз білімінің толығуын тексере алады, яғни бұрынғы білім негізінде жаңа білім жасалады. Рефлексия үрдісінде игерілген жаңа білім - өз біліміне айналады. Ой толғаныс ойды мұқият таразылауға, бағалауға, таңдауға, болжай білуге үйретеді.
Рефлексиялық талдау мен бағалау сын тұрғысынан ойлау технологиясының барлық кезеңдерін жанап өтеді, бірақ үшінші кезеңде ғана мұғалім мен білім алушы әрекетінің негізгі мақсаты болады.
Сын тұрғысынан ойлау технологиясының "Рефлексия", яғни үшінші кезеңі мынадай міндетті қызметтерден тұрады:
Коммуника

Страницы: <<  <  2 | 3 | 4 | 5 | 6  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: