БІЛІМ АЛУШЫЛАРДЫ СЫН ТҰРҒЫСЫНАН ОЙЛАУҒА ДАҒДЫЛАНДЫРУ .
(баяндама)
Білім алушыларды сын тұрғысынан ойлауға дағдыландыру сабақ барысында аса маңызды жағдайлардың бірі.
Сын тұрғысынан ойлауды дамыту технологиясына үш кезеңнен тұратын сабақ түрі жатады:
1-кезең - қызығушылықты ояту;
2-кезең - мағынаны ашу;
3-кезең - ой толғаныс (рефлексия)
Сабақтың мұндай түрі адамның қабылдау кезеңдеріне сәйкес келеді:
әуелі бұл тақырып бойынша сізге не белгілі екенін еске түсіру, көңілді аудару (кіріспе ой қозғау);
содан соң жаңа ақпаратпен танысу, оны ұғыну (танымдық кезең);
келксі бұл алынған білім саған не үшін керек, оны қалай қолданатыныңды ойлану (рефлексия бағалау кезеңі).
Бірінші кезең білім алушыларды танымдық процеске жұмылдырады, өздерінде бар білімді, әсерді, сезімін өзектендіреді (актуалдандырады); қызығушылығын оятады, оқушыларды оқытуға жағдай тудыратын білімқұмарлық атмосфера жасалынады.
Дәл осы кезеңде білім алушылар ойлана бастайды, болжамдайды, сосын жаңа тақырыптың мақсатын анықтайды, бұл олардың болашақта ізденуіне стимул болады, "егер білім алушыларға осы оқылып жатқан тақырып бойынша өз білетіндеріне талдау жасауға мүмкіндік берілсе", онда ол "білім алушылардың өз мақсаттарын тұжырымдауға қосымша ынталандыру (стимул) болады "
Оқу процесіне қажетті ішкі себеп көптеген ғалым - дидактиктердің ойлары бойынша білім алушылардың өздеріне білім алу мақсатын қойғызғанда ғана жүзеге асады. "Қызығушылықты ояту" кезеңінде білім алушылар "жаңа ақпарат пен идея өздерінде бар біліммен толыға ма, әлде тек сырттай дәлелдене ме?" деген сұрақты шешеді. Мақсат қойып оқу - мақсатсыз оқудан әлдеқайда тиімді. Әсіресе, білім алушылардың өздері қойған мақсаттары басқаның зорлап м
Страницы: 1 | 2 | 3 > >>