Бұл күнді жапты

Страницы: <<  <  1 | 2

әңгіме.
-Күн көзі бізге не сыйлайды?
-Күн қандай пішінге ұқсайды?
- Күн шуағын кімге шашыратып тұр екен? Түсі қандай?
Билингвалдық компонент: күн- солнце.
-Балалар аспанда күннің жанында не болады?
-Бұлттар қандай пішінде құралғанын көзбен көрейік. Бұлттардың қандай пішіндерін көрдіңдер? Бұлттардың пішіндері - атқа, жүрекке, қызылшаға, адам мүсініне, аңға ұқсайды.
Бұлттың түсі қандай?
Билингвалдық компонент: бұлт - туча.
Балалар ендеше біз бүгін күн мен бұлттардың суретін салайық.
Көрсету және түсіндіру.
Балаларға күнді қалай бейнелейтінін көрсету. Қағазды тігінен қойып, шеңбер салу, жан - жағына сәулелерін түзу сызықтармен әшекейлеу.
Бұлтты күннің жанына будақтатып салуды көрсету.
Жеке жұмыс: Камилаға, Нартайға түстерді дұрыс ажыратып, бұлтты салуға көмектесемін.
Сергіту жаттығуы: "Жаңбыр"
Бұлт қабағын түйіп ап,
Бүркеп алды аспанды.
Тырс, тырс, тырс, тырс, тырсылдап,
Жаңбыр жауа бастады.
"Күн мен бұлт"
Мақсаты: балалардың жылдамдықтарын арттыру, күннің көзі мен бұлтты ажырата білуге тәрбиелеу
Барысы: балалар күннің көзінде ойнап жүреді, сосын тәрбиеші бұлт көрнекілігімен шыққанда барлығы бір жерге жиналу керек, жаңбырдың астында қалып қоймауы керек. Ойын балалар қалауымен бірнеше рет қайталанады.
Керекті құралдар: күн мен бұлт пердесі
3. Қорытынды/итоговая часть:
Көрме ұйымдастыру.
Балалар салған суреттерін тақтаға әкеліп іледі.
Суреттер талқыланып, балалар бір біріне баға беру.
Балалар біз бүгін ненің суретін салдық?
Қосымша толықтырулар енгізген балаларды мадақтау.





Страницы: <<  <  1 | 2
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: