«Бұл қай кезде болады?»

Страницы: <<  <  1 | 2 | 3  >  >>

суытып, жиі - жиі боран соғып, қар жауып тұр.
- Сендер далаға шыққанда қарды қолдарыңмен ұстап көрдіңдер ме?
- Қар қандай екен?
- Қардың түсі ақ, суық, қолымызбен ұстасақ, ол еріп кетеді, демек ол жылыдан еріп суға айналады.
- Жауып тұрған қарға алақанымызды тоссақ - ол алақанымызда ақ ұлпа болып көрінеді.
Билингвалдық компонент: қыс-зима, қар-снег.
Слайд бойынша қыс мезгілінде болатын құбылыстарды атау.
- Қыс мезгілі қандай болады екен?
- Қыста біздер қалай киінеміз?
- Қандай қысқы ойындарды білеміз?
- Қыста қай аңдар ұйқыға кетеді?
Табиғат ана: Жарайсыңдар,балалар. Менің сендерге бір тапсырмам бар. Ормандағы аңдар сендерден көмек сұрайды.
"Аңдарға көмектесейік" ойыны
- Балалар, бізге орманнан аңдар көмек сұрап келіпті. Олар қысқы азығын жинап үлгермей жатыр екен. (Тиін, аю, кірпі, қоян)
Әңгімелейді. Әр аңның азығын тауып береді.
Сергіту сәті
Айналамда ұшып жүр,
Ақ мамық қар себелеп.
Жалт-жұлт еткен бейне бір,
Ұшып жүрген көбелек.
"Не артық?" дидактикалық ойын
Қыс мезгіліне жатпайтын суретті тауып, қарындашпен қоршайды.
Жеке жұмыс: Дильназ, Амирхан тапсырманы тақтада орындайды.
Тіл ұстарту жаттығуы
Ыс-ыс-ыс, Келіп қалды қыс.
Ар-ар-ар, Қандай аппақ қар.
Ша-ша-ша, Жап-жасыл шырша.
Дидактикалық ойын: "Бұл қай кезде болады?"
Мақсаты: Жыл мезгілдеріне байланысты өзгерістер туралы білімдерін жетілдіру. Ойлау қабілеттерін дамыту.
Шарты: Сары-қызыл жапырақтар қандай жыл мезгілінде болады?
Қар қай жыл мезгілінде жауады?
3. Қорытынды/итоговая часть:
-Балалар қазір жылдың қай мезгілі?
-Қыс мезгілі қандай болады екен?
Табиғат ана: Жарайсыңдар балалар!Сендер өте ақылды екенсіңдер.
Жақсы жауап берге

Страницы: <<  <  1 | 2 | 3  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: