"Құралай"ІІ кіші тобының ұйымдастырылған оқу қызметінің техналогиялық картасы.
Тәрбиеші: Дүбірбаева Н. К
27 қазан 2016ж
Білім беру саласы: "Әлеуметтік орта".
Кіші сала: Экология негіздері.
Тақырыбы: Біздің қоршаған әлем-біздің үйіміз.
Мақсаты: Табиғатқа өз үйіне сияқты қарау керек екенін ұғындыру. Оған көмек көрсету сақтай және аялай білуге тәрбиелеу. Табиғат аясында орманда өзін қалай ұстау ережелерімен таныстыру. Қоршаған өсімдік және жан-жануарлар әлеміне деген қызығушылығын арттыру. "Жаман және жақсы", "Болады-болмайды" жөнінде түсінік беру.
Көрнекілік: Табиғат суреттері.
Сөздік жұмыс: Табиғат аясында.
Билингвальдік компоненті: Табиғат-природа,
Әлем-мир.
Қызмет кезеңдері
Тәрбиешінің іс-әрекеті
Баланың іс-әрекеті
І кезең мотиватциялық қозғаушы
Жұмбақ:
Бұл ағаш өссе далада,
Жаңбырда болар сая да.
Жауабы:(Емен)
Балаларға табиғат туралы түсінік беру.
Табиғат заттарының аттарын атау.
Сергіту сәті:
Құлпыра берші кең далам,
Гүлінді мен терейін.
Жапырағын мен жасыршы,
Қойнына мен енейін.
Күн дидарлы арайлы
Нұрын төгіп тарайды
Барлық бала шаттанып
Қуанышпен қарайды.
Күн,ауа,су, ағаштар
Күн-бізге жарық, жылу береді.
Ауа- дем аламыз.
Су-ішеміз, жуынамыз.
Ағаштар табиғатқа ,бізге көрік береді.
Балалар тәрбиешіні тыңдап қайталайды.
ІІ кезең ұйымдастырушылық-ізденушілік
Көркем сурет бойынша әңгімелеу.
Балалар аспанда не тұр?
Күннің көзі бізге несін беріп тұр?
Ал балалар мынау ағып жатқан не?
Судың бізге пайдасы бар ма?
Дұрыс балалар біз осы тұрғанда немен демалып тұрмыз?
Балалар ал мынау айналамыздағы нелер?
Страницы: 1 | 2 > >>