Біздің балабақшада бүгін той

Страницы: 1 | 2  >  >>

Тақырыбы:«Біздің балабақшамызда сабан той»
Білім беру саласы:«Әлеумет», «Шығармашылық», «Коммуникация», «Таным», «Денсаулық»
Мақсаты:А) балаларға жылдың күз мезгілінде тойланатын сабан той туралы түсінік беру, қарапайым математикалық ұғымдар туралы білімдерін бекіту; күздің ерекшеліктерімен таныстыру.
Ә) Табиғатқа деген сүйіспеншілігін арттыру.
Б) Шығармашылық және ойлау қабілеттерін дамыту.
Әдіс-тәсілдері:Түсіндіру, бақылау, сұрақ-жауап, ойындар
Қажетті құралдар:«Сабан той» суреті, слайд, үлестірмелі және көрнекілік құралдар.
Жаңа технологиялар: «М. Монтессори» технологиясының элементі
Қызмет кезеңдері Тәрбиеші қызметіБалалардың қызметі
Мотивациялық-қозғаушылықҰйымдастыру кезеңі.
Шаттық шеңберіне тұрғызады.
-Сәлеметсіздер ме, балалар?!
Қараңдаршы балалар, айналамыз қандай тамаша! Осы бөлмеге шуағын төгіп, нұр беріп тұрған күнге қарайықшы. Сол күннен жылу алып, алған жылуымызды бір-бірімізге береміз. Жақсы тілектер айтамыз.
Балалар мұғаліммен амандасады.
Әрқашан әдемі болайық!
Еліміз тыныш болсын!
Аспанымыз ашық болсын!
Деніміз сау болсын!
Достарымыз көп болсын.

Ұйымдастырушылық-ізденістік
-Қазір жылдың қай мезгілі?
- Күз айларын атайықшы.
- Балалар күздің қандай ерекшеліктері болады?
-Күзді неліктен «жомарт күз» деп атайды,
Себебі күзде көкөністер мен жемістер піседі, сонымен қатар егін жинау болады. Егіншілер сабан той жасайды. Егін бітік шығып, қырманын қызылдап, оны төкпей — шашпай, суыққа ұрындармай мезгілінде жинап алған ел күзде «Сабан той» өткізеді.
- Балалар біздер күздің осы ерекшеліктерін көзімізбен көру үшін табиғатқа саяхат жасаймыз. Егін алыс, сондықтан автобуспен барамыз. Автобус билеттерін аламыз . Автобус билеттерін алу үшін тапсырма орын

Страницы: 1 | 2  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: