"Біз Отанның ұланымыз"
"Біз Отанның ұланымыз" әнімен басталады
Құрметті қонақтар, бүгінгі біздің ертеңгілікке қош келдіңіздер.
Мақсаты: оқушылардың тілін дамыту, айналамен таныстыру, мектеп, мұғалім, оқушы, білім, оқулық туралы түсініктерін қалыптастыру. Үлкенді сыйлау, еңбекті бағалау, еңбек ете білуге, өз отбасына, туған жеріне құрмет көрсете білуге баулу, тәрбиелеу.
Көрнекілігі: слайдтар
Ұйымдастыру кезеңі.
Мұғалім:
- Бақытты балдырғандар, ардақты ата - аналар, құрметті меймандар, тілашар тойы құтты болсын! Мектеп есігін алғаш ашқан шәкірттерім қадамдарың сәтті болсын!
1 оқушы:
Таудай биік талабым,
Оттай лаулап жанамын.
Салт - санасын сақтаймын, Малика
Дала мен қаланың,
Мен мектепке барамын.
2 - оқушы:
Талаптың мініп алып пырағына,
Білімнің май тамызып шырағына. Ернияз
Алдымнан ақыл сарай есік ашып
Жету мақсат - іздеген мұратыма.
3 - оқушы:
Ойым бар: бірде дауыл, бірде жалын,
Сақтайтын есті ұрпақтың, ата салтын. Айбар
Тіл мен елдің тағдырын Ту ғып ұстап
Шығарар абыроймен Отан даңқын.
4 - оқушы:
Мен сені сүйем елім жасырмаймын,
Асылдың сынығы боп, тұлпардың тұяғымен тасырлаймын.
Намысты қолдан бермейтін ұлыңмын Бота
Басымнан бір ауыз сөз асырмайтын.
5 - оқушы:
Алдымда биік мақсат, үлкен сенім.
Тізгінді басқаларға бермес тегін. Марғулан
Бәсекеге түсетін саналы ұрпақ
Киелі жер Иесі - сенгін Елім!
6 - оқушы:
Дархан пейіл, ақкөңіл, бір құт елміз,
Әрі биік, сабырлы, терең елміз.
Адалдықтың ақ туын желбіретіп, Айару
Бұл дүниеге мәңгілікке келгенбіз.
7 - оқушы:
Парасат пен ізгілік бойымызда,
Ата - баба өсиеті ойымызда.
Бақыт құсы самғасын көгімізде, Айдана
Ұшырған бү
Страницы: 1 | 2 | 3 > >>