Біз не үйрендік

Страницы: 1 | 2  >  >>

Сабақтың тақырыбы: "Біз не үйрендік?"
Сабақтың мақсаты:
білімділік - балалардың жыл бойы алған білімдерін тиянақтау, берілген тапсырманы дұрыс орындай білуге үйрету;
дамытушылық - ойындар арқылы логикалық ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамыту;
тәрбиелік - адамгершілікке, достыққа тәрбиелеу.
Әдіс- тәсілдер: сұрақ-жауап, ойын.
көрнекілік: Power point таныстырылымы, суреттер, үлестірмелі материалдар.
Пәнаралық байланыс: математика, тіл дамыту, сауат ашу.
Сабақтың барысы:
Балалар бүгін ерекше күн, бізге қонақтар келіп отыр. Қане, амандасайық.
Сәлеметсіздер ме!
Енді бізге нұрын шашып тұрған күнмен амандасайық.
Арайлап атты күн бүгін
Шашып бізге шапағын.
Тілейміз сізге ақ таңның
Қуанышын, шаттығын.
Қайырлы күн, қайырлы күн,
Қуанышты күн бүгін!
Балалар, қазір жылдың қай мезгілі?
Көктем мезгілінде неше ай бар?
Көктем мезгілінде табиғатта қандай өзгерістер болады?
Балалар, көктем туралы тақпақ білесіңдер ме?

Көктем, кқктем, көктемде,
Құстар келіп жеткенде,
Қуанып бір қаламыз
Әнмен қарсы аламыз.

Көктем келді бүгін
Күнім төкті нұрын
Сайрап барлық құстар,
Ән салуға құштар.
Түрлі- түсті әйбат,
Гүлдер шықты жайнап,
Қызыл - жасыл аймақ
Қырға шықты ойнап.
Балалар, мына сандық ашылу үшін бізге сиқырлы сөздер керек. Қане, бәріміз бірге айтайық:
Ашыл сандығым, ашыл,
Ішінен білім шашыл!
1 тапсырма: "Санайық, санамақты айтайық". 1- ден 10-ға және 1-ден 20-ға дейін тура және кері санау.

Бір- білім ал,
Екі - ерлік көрсет,
Үш - үлгі тұт,
Төрт - тәртіп керек,
Бес - бестік баға ал,
Алты - алғыс ал,
Жеті - жеңіс біздікі,
Сегіз - сенім керек,
Тоғыз - тоқу кер

Страницы: 1 | 2  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: