Біз ептіміз,күштіміз

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>

"Біз білімді балалармыз".
Мақсаты:
Білімділік-балалардың сандық ұғымдары туралы білімдерін кеңейту,ойлау,есте сақтау қабілеттерін арттыру.
Дамытушылық-балалардың саусақ моторикасын дамыту,тіл байлығын,ой өрісін дамыту.
Тәрбиелік-балаларды ұқыптылыққа ,тапқырлыққа баулу.
Көрнекілікткр:Теледидар,үлестірмелі материалдар,дидактикалық ойындарға арналған құралдар,ұннан жасалған түрлі-түсті моншақтар,жіп,ақ қағаз,түрлі-түсті қарындаштар,кетіргіш.
Әдіс тәсілдері:Көрсету,түсіндіру,ойын ойнату,сұрақ-жауап,мадақтау.
Шаттық шеңбері.
Қайырлы таң,досым!
Қайырлы күн болсын!
Бүгінгі күн қуаныш!
Сәттілікке толсын!
Сәлеметсіздер ме, қонақтар!
/Балалар шаттық шеңберін орындайды. /
Тәрбиеші:
-Балалар ,мен сендерге жұмбақ жасырайын. Шешуін тез табамыз ба?
Балалар:
-Ия.
Тәрбиеші:
Көкшіл айна үйдегі,
Көрсетеді киноны.
Жаңалықты жинайды,
Жұртшылыққа сыйлайды.
Ол не?
Балалар:
-Теледидар.
Тәрбиеші:
-Жарайсыңдар!
-Балалар бір жылда неше мезгіл бар?
Балалар:
-Төрт мезгіл бар.
Тәрбиеші:
-Жыл мезгілдерін кім айтады?
Балалар:
-Қыс,көктем,жаз,күз мезгілдері.
Тәрбиеші:
-Жарайсыңдар,балалар.
-Қазір жылдың қай мезгілі?
Балалар:
-Күз мезгілі.
Тәрбиеші:
-Күзде неше ай бар?
Балалар:
-Күзде үш ай бар.
Тәрбиеші:
-Күз айларын кім айтады?
Балалар:
-Қыркүйек,қазан,қараша.
-Дұрыс айтасындар,балалар.
Тәрбиеші:
-Күз ерекшеліктері қандай?
Балалар:
-Ауа райы суытады, ағаштардың жапырақтары сарғайып жерге түседі. Құстар жылы жаққа ұшып кетеді. Адамдар жылы киіне бастайды.
Тәрбиеші:
-Балалар ,осы жыл мезгілдерінің ауысымы қай ғаламшарда өтеді?
Балалар:
-Жерде өтеді.

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: