Біз бақытты ұрпақпыз

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>

(Концерттік бағдарлама)

Тақырыбы: «Біз бақытты ұрпақпыз!»
Мақсаты: Жасөспірімдерді өз Отанын қорғауға, туған еліне мекеніне деген сүйіспеншілік сезімдерін қалыптастыруға, Отанының нағыз патриоты болуына және халықтар достығын құрметтей білуге тәрбиелеу. Ана тілінің маңызы мен қоғамдағы орны, жас ұрпақтың ана тілінің қадір –қасиетін түсіне білуін, сүйе білуін арттыру, балаларды туған тілін сүюге, оны қорғауға және қамқорлық жасауға тәрбиелеу.
Оқушыларды тіл мәдениетін сақтай білуге, тіл тазалығы үшін күресе білуге, сөз өнеріне баулу. Оқушылардың тілін, ой-өрісін дамыту. Ата-баба мұрасына адалдықа және оны жалғастырушы болуға баулу.
Тәрбие сағатының түрі: концерттік бағдарлама.
Барысы:
1- жүргізуші:
Бәрі болған қазақ сынды көне елде,
Әр белгі де, ерлік, өрлік өнер де.
Жаһандағы ең жауынгер халықта,
Кім сенеді,
Ту болмаған дегенге?!
2- жүргізуші:
Барша халық таныған,
Біздің үміт, тілекті.
Шырқалғанда әнұран,
Шаттық кернер жүректі.
1- жүргізуші:
Жеңіс туын көтерген,
Жарыстарда сан қилы.
Жетіп бізге шет елдің,
Көкке әнұран шалқиды
2- жүргізуші:
Шәмші атаның сазды үні,
Жігер беріп қайратты.
Бәрімізді мәз қылып,
Жаңғыртады аймақты.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік әнұраны орындалсын!
1- жүргізуші: Армысыздар қадірменді ұстаздар және оқушылар қауымы!
22 - қыркүйек Қазақстан Республикасы тілдері күніне орай, тұспа-тұс келіп отырған Рамазан айының Ораза айты қабыл болсын! Аталған ұлы мерекелерге орай, қаламыздағы Қ. И. Сәтбаев атындағы 7 мектеп-лицейінің 7 «А» сыныбының және мектеп-лицей өнерлі оқушыларының ұйымдастыруымен «Біз бақытты ұрпақпыз!» атты мерекелік бағдарламамызды ашық деп жариялаймыз!
жүргізуші: Тіл халықтың жаны

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: