Бірлігі жарасқан ел

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>

Сабақ
Мектеп: 1 Саумалкөл орта мектебі
Сабақтың тақырыбы:

Бірлігі жарасқан ел
Күні:
Мұғалім:
Сынып: 5
Қатысқан:
Қатыспағандар:
Сабақта меңгерілетін
дағдылық мақсаттар (оқу бағдарламасына сілтеме)
Т2. Таңдалған мәтіннің негізгі мазмұнын түсіну және нақты ақпаратты анықтау.
А1. Тақырып бойынша меңгерген жаңа сөздердің синонимдерімен, антоним, омонимдерімен қатар қолдану, ойын жеткізе білу.
Ж4. Мәліметтерді жинақтай отырып, тақырып бойынша постер жасау.
Сабақ мақсаттары
Барлық оқушылар білуге тиісті: сұрақтарға жауап бере алу; нақты ақпаратты анықтай алу.

Оқушылардың көпшілігі білуге тиіс:
синоним, антоним, омоним анықтай алу, өзара мазмұнын талдай алу.

Кейбір оқушылар білуге тиіс:
тірек сызба арқылы постер құрастыру.
Күтілетін нәтиже
Мәтіннің негізгі мазмұнын түсінеді, нақты ақпараттарды ажыратады.
Жаңа сөздер:
Ұлт өкілі, бірлік, ынтымақ, тату-тәтті, құшақ жая қарсы алу, бауырына басу
Сабақта қолданылатын материалдар:
Интерактивті тақта, слайдтар,тақырыпқа қатысты сөздер, плакат, маркерлер, А4 парағы, смайликтер, желімқағаздар
Оқыту әдістері:
Түсіңдіру, сипаттау, талдау, диалог, "Көңіл күйді анықтау" тренингі, сергіту жаттығуы
Жоспар
Тапсырма
Мұғалімнің іс-әрекеті
Оқушының іс-әрекеті
Ресурстар
Оқушыларғы психологиялық ахуал туғызу
Мұғалім ұйымдастыру кезеңінде "Көңіл күйді анықтау" тренингінің негізінде сабақ басында оқушыларға А4 парағы мен маркерлер таратады.
Оқушылар параққа маркермен өзінің көңіл күйін сипаттайтын сурет (смайлик) (күліп немесе езу тартып тұрған, қабағы түюлі, бейтарап т. б. ) салады.
А4 парағы, түрлі түсті қарындаштар, маркерлер
Өткен сабақты тексеру

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: