/>көк түстік
Темір мұздақ
33 - жаттығу Сөздерді оқып, көшіріп жаз. Әр сөз неше түбірден құралғанын анықта. Біріккен сөздер қалай жазылған ?
Аққу, бұзаубас, Ақмарал, шаңсорғыш, балмұздақ, егеуқұйрық, Жетіқарақшы, шекара.
Сөздік жұмысын жүргізу.
Бұзаубас, егеуқұйрық сөздерінің мағынасын түсіндіру.
Бұл сөздердің біріккен сөздер екенін дәлелде.
Бұл біріккен сөз, Екі түбірден құралғанымен, бір ғана мағынаны
өйткені білдіреді.
Бір ғана сұраққа жауап береді.
34 - жаттығу
Топтастыру жұмысын жүргізу. "Кемпірқосақ" дегенде сенің есіңе не түседі?
Кемпірқосақ
Өлеңді мәнерлеп оқып, жатқа жаз.
Күн күркіреп, себелеп,
Жаңбыр жауып, басылды.
Көкжиекке керемет
Кемпірқосақ асылды.
Оқушылардың жұмыстарын тексеру. "Кәне, кімде қате кетті?"
Өлеңнен біріккен сөздерді тап. Бұл сөздердің біріккен сөздер екенін дәлелде.
Сергіту сәті
"Шашыраған сөздер"
Талдықорған, асқазан, тоғызқұмалақ, қараторғай, Шымбұлақ, Амангелді, ұлтабар, Қызылқұм, ақсүйек, саңырауқұлақ, алтыбақан, көлбақа, итмұрын, Айнагүл, бозторғай, таутеке, қарақұйрық.
Сөздерді топтастыр.
Жер-су аттары: Өсімдік атаулары:
Адам аттары: Жан-жануарлар атаулары. :
Ойын атаулары: Дене мүшелері:
36 - жаттығу. Шығармашылық тапсырма.
Көп нүктенің орнына тиісті біріккен сөздерді тауып жаз.
Аңдар: . . . , . . . , . . . , . . . .
Құстар . . . , . . . , . . . , . . . .
Өсімдіктер: . . . , . . . , . . . , . . . .
Жер-су аттары: . . . , . . . , . . . , . . . .
ҮІ. Сабақты қорытындылау.
1. Ребусты шеш. Шешуі: Қызылорда.
2. Ой қозғау
- Қызылорда туралы не айтуға болады?
- Туған жер сөзін тағы қандай сөзбен алмастыруға болады?
- Менің
Страницы: << < 1 | 2 | 3 > >>