а өтеді. Бұл айтысты ең алғаш 1898 ж. Қазанда "Қисса Біржан сал менен Сара қыздың айтысқаны" деген атпен Жүсіпбек қожа Шайхисламұлы жариялады.
3)(Біржан сипаты, Сара сипаты) топтастыру әдісі
4) Сал-сері сөзіне түсініктеме беру
Сал-сері -- дәстүрлі қазақ қоғамында ерекше өнерпаздықпен байланысты ұғым. Сал сөзінің этимологиясы серіктес жігіттерімен ауылға таяғанда әдейі аттан құлап, ауыл қыздары үйге көтеріп алып кіргенше сал болған адамша тырп етпей жата беретін іс-әрекеттен туындаған.
5) Айтысты рөлдерге бөліп оқытқызу.
6) Венн диаграммасы арқылы Біржан мен Сараға сипаттама беру
ІҮ. Сабақты бекіту.
1. "Біржан мен Сара" айтысында қандай әлеуметтік мәселе көтерілген?
2. Айтыста екі ақынның әншілік,ақындық,адамгершілік сипаттары қалай көрінген?
3. Біржан өзін сипаттау үшін қандай көркем сөз образдарын қолданған?
4. Жиенқұл айтыста қалай бейнеленген?
5. Айтыста Сараның жеңіліп қалуына кім кінәлі?
Ү. Үйге тапсырма: "Біржан - азамат ақын", "Сара - үздік өнер иесі" эссе , үзінді жаттау.
ҮІ. Оқушылар білімін бағалау
Страницы: << < 1 | 2