"Аралтөбе орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен"
МКМ-нің биология пәнінен орта білім берудің (бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру) мемлекеттік жалпыға міндетті стандартының орындалу
Есебі
2016-2017 оқу жылында Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылы 23 тамызда 1080 қаулысымен бекітілген Орта білім берудің (бастауыш, негізгі орта, жалпы орта) мемлекеттік жалпыға міндетті білім стандартына сәйкес әзірленді.
Негізгі орта білім деңгейіндегі биология курсы "Өсімдіктер", "Жануарлар", "Адам және оның денсаулығы", "Жалпы биология негіздері" бөлімдерін оқытуға бағытталған. Бұл бөлімдердің мазмұны мен құрылымы биологиялық білімнің базалық деңгейіне қол жеткізуге мүмкіндік бере отырып, шығармашылық және жаратылыстанымдық іскерлікті, ғылыми көзқарасты, ізгілік пен экологиялық мәдениетті дамытуды сонымен қатар өзін-өзі билеуге, еңбексүйгіштік пен табиғатқа қамқорлық жасауға дағдыландыруды қамтамасыз етеді. Пәнді оқытудағы тақырыптардың жүйелілігі негізгі биологиялық түсініктер мен құбылыстарды биожүйенің организмдік деңгейінен бастап одан жоғары деңгейлерге дейін қарастыру мен эволюциялық және экологиялық ойлау қалыптастыруды қамтамасыз етеді. Сонымен қатар табиғаттағыөзара байланыстылықты тірі жүйелердің тіршілік әрекеттерінің негізі ретінде қабылдауға және осы процестердегі адамның рөлін түсінуге бағыт береді.
Оқытудың мақсаты:
1) органикалық дүниенің құрылысы мен тіршілік әрекеттерінің ерекшеліктері туралы алғашқы түсінік қалыптастыру;
2) органикалық дүниенің көптүрлілігін орта жағдайларына бейімделушіліктің нәтижесі деп түсіну;
3) эволюциялық теорияның негіздері туралы ұғым қалыптастыру;
4) экологиялық ойлауды қалыптастыру, тірі организмдердің өзара және тірші
Страницы: 1 | 2 | 3 > >>