Білімім мен өнерім - өмірімнің өзегі

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>

ТЛЕПОВА АЛИЯ ЕРКАЕВНА
Батыс Қазақстан облысы, Бөкей Ордасы ауданы, Бисен ауылы
Бисен Жаникешев атындағы жалпы білім беретін орта мектебінің психологі
Кеш тақырыбы: Білімім мен өнерім - өмірімнің өзегі
Мақсаты: Оқушыларды халқымыздың ізгі қасиеттерін, салт-дәстүрін құрметтеуге, сақтауға тәрбиелеу отырып, білім мен өнерге деген белсенділіктерін арттыру.
Өту барысы: Қайырлы кеш құрметті ұстаздар және оқушылар!
«Білімім мен өнерім - өмірімнің өзегі» атты танымдық байқауын бастауға рұқсат етіңіздер.
Елбасымыз Н. Ә. Назарбаев: «Біздің алдымыздағы негізгі міндет – бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіру» деп атап көрсеткен болатын. Ал қазіргі таңдағы ұстаздар қауымы біздің мақсатымыз білімді ұрпақ тәрбиелеп, сапалы білім мен саналы тәрбие беру. Білім беру реформасы – Қазақстанның бәсекеге нақтылы қабілеттілігін қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін аса маңызды құралдардың бірі. Бүгінгі кештіңде мақсаты азда болса білім қорларын жетілдіріп, білмегенін білуге, білгенін өзгеге жеткізе білу мақсатында ұйымдастырылып отыр. Білім мен өнер егіз демекші, білімімен өнерін сарапқа салатын танымдық байқауға 11-ші сыныптықтар қатысқалы отыр. Ендеше кеш сахнасына сайыскерлерімізді шақырайық.
Танымдық байқаудың шарттарымен таныстырып өтейін.
Кәсіптік мүдделерін зерттеу (сауалнама).
Сұрақ-жауап (өз таңдаулары бойынша әр саладан сұрақтар).
Әуенді тап.
Қиыннан шығар жол қайсы? (ситуациялық сұрақтар)
«Ойнайық та ойлайық» сергіту сәті.
Ұлттық дәстүрді білеміз бе? (сұрақ-жауап)
«Өнерім өмірімнің өзегі» өнер байқауы.
Ендеше байқау шарттарымен таныс болсаңыздар әрі қарай кешімізді бастайық. Сайыс болған соң сайыскерлерімізге әділ баға берер әділқазы болады. Бүгінгі кеште әділ де, лайықты баға беріп, байқау жеңімпазын ан

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: