Сабақтың тақырыбы: Ф. Оңғарсынова. " Білім керек бәріне"
Сабақтың мақсаты: Өлеңді мәнерлеп оқуға үйрету. Оқушылардың ой қиялын дамыту. Білімділікке тәрбиелеу.
Әдісі: сұрақ - жауап, түсіндіру, әңгімелеу.
Түрі: жаңа сабақ
Көрнекілігі: Ф. Оңғарсынованың суреттері, оқулық, сөзжұмбақ, плакаттар.
Сабақтың барысы:
I Ұйымдастыру кезеңі.
- Бізде қандай апталық болып жатыр?
- Қандай тіл?
- Тіл туралы қандай мақал - мәтел білеміз?
II Үй тапсырмасын сұрау:
- Абай Құнанбаев кім?
- Қайда туылды? қай жылы? - Әкесінің аты кім?
- Әжесінің аты кім? - Анасының аты кім?
- Кімнің тәрбиесінде болды?
- Қандай шығармаларын білесіңдер?
Оқушылардан "Ғылым таппай мақтанба" өлеңін сұрау.
III Өткен сабақты қорыту:
IY Ой қозғау
V Жаңа сабақ:
Фариза Оңғарсынқызы Оңғарсынова 5 желтоқсанда 1939 жылы Атырау облысында дүниеге келді. Ф. Оңғарсынова қазақ ақыны, халық жазушысы, журналист, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің I және II шақырылымдарының депутаты. 2014 жылдың 23 қаңтар күні Астана қаласында ұзақ сырқаттан дүниеден өтті. Әдеби шығармалары: "Сандуғаш", "Алмас қылыш","Маңғыстау монологтары", "Сайраған Жетісудың бұлбұлымын".
Марапаттары: "Құрмет белгісі", "Парасат ордені", Қазақстанның халық жазушысы. Қазақстанның халық ақыны. Қазақстан Мемлекеттік сыйлығының лауреаты. "Білім керек бәріне" өлеңін оқып беріп, мазмұнын түсіндіру. Тізбектей оқыту.
Сергіту сәті:
Ана тілім ұраным,
Ана тілім - құралым,
Ана тілім болмаса,
Болмас еді жыр әнім.
Сөзжұмбақты шешу:
1. Ұлы ақын. (Абай)
2. 2. Ең кіші бір таңбалы сан. (бір)
3. 3. Тігісті немен тігеміз? (қол)
Страницы: 1 | 2 > >>