>
Қазақ мектептері үшін
1тур - капитандар ойыны - 2 сұрақтан
Тестілеу
1топ
1/Айран, іркіт пісуге, қаймақтан май түсіруге арналған, ағаштан жасалған, ауыз жағы тарлау келетін ыдыс?
/Күбі/
2/Сөз мағынасы, жалпы қолданыстағы сөздер мен қолдану аясы тар сөздерді зерттейтін тіл білімінің саласын ата?
/Лексика/
2топ
1/Қымыз ашытуға арналған, жылқының, сиырдың терісінен жасалатын ыдыс қалай аталады?
/Саба/
2/Сөйлеген кезде белгілі бір сөздің, буынның және дыбыстың көтеріңкі дауыспен айтылуын не дейді?
/екпін/
3топ
1/Бунақтап өрілген қой ішегін қалай атайды?
/Жөргем/
2/Қатар тұрған екі дыбыстың бір - біріне ықпал етіп үндесуін не деп атайды?
/дыбыс үндестігі/
4топ
1/Ағаштан ойып жасалған, ас салатын ыдысты қалай атайды?
/Астау/
2/Сөз ішіндегі дауысты дыбыстардың бірыңғай жуан немесе жіңішке болып үндесуін не дейміз?
/буын үндестігі/
5топ
1/Сұйық нәрсені құюға арналған сабы бар ыдыс, кішкене шөмішті не деп атайды?
/ ағаш ожау/
2/Тәуелдік мағынадағы иелік форманың жұрнақтарын ата?
/-нікі, -дікі ,-тікі/
6топ
1/Мақта, жүн салуға арналған, кішірек қапты не деп атайды?
/қанар/
2/Жер - су аттарын зерттейтін лексикалық саланы не дейді?
/Топонимика/
7топ
1/Малдың терісінен жасалған, құдықтан су тартып алуға арналған шелек
/қауға/
2/Сөздің басқа сөздермен тіркесуіндегі бір негізден жасалған және бір сөз табына тән болатын сөздерді не дейміз?
/көп мағыналы сөздер/
8топ
1/Сусын құю үшін ысталған теріден жасалған ыдыс
/торсық/
2/Тұрмыс - тіршілікке әр дәуірде өзгеріп, әр түрлі сөздермен ауысып отыратын, ескірген сөздерді не дейміз?
/архаизм/
9топ
1/Жер жыр
Страницы: << < 11 | 12 | 13 | 14 | 15 > >>