Қазақ мектептері үшін
1тур - капитандар ойыны - 2 сұрақтан
Тестілеу
1топ
1/Айран, іркіт пісуге, қаймақтан май түсіруге арналған, ағаштан жасалған, ауыз жағы тарлау келетін ыдыс?
2/Сөз мағынасы, жалпы қолданыстағы сөздер мен қолдану аясы тар сөздерді зерттейтін тіл білімінің саласын ата?
2топ
1/Қымыз ашытуға арналған, жылқының, сиырдың терісінен жасалатын ыдыс қалай аталады?
2/Сөйлеген кезде белгілі бір сөздің, буынның және дыбыстың көтеріңкі дауыспен айтылуын не дейді?
3топ
1/Бунақтап өрілген қой ішегін қалай атайды?
2/Қатар тұрған екі дыбыстың бір - біріне ықпал етіп үндесуін не деп атайды?
4топ
1/Ағаштан ойып жасалған, ас салатын ыдысты қалай атайды?
2/Сөз ішіндегі дауысты дыбыстардың бірыңғай жуан немесе жіңішке болып үндесуін не дейміз?
5топ
1/Сұйық нәрсені құюға арналған сабы бар ыдыс, кішкене шөмішті не деп атайды?
2/Тәуелдік мағынадағы иелік форманың жұрнақтарын ата?
6топ
1/Мақта, жүн салуға арналған, кішірек қапты не деп атайды?
2/Жер - су аттарын зерттейтін лексикалық саланы не дейді?
7топ
1/Малдың терісінен жасалған, құдықтан су тартып алуға арналған шелек
2/Сөздің басқа сөздермен тіркесуіндегі бір негізден жасалған және бір сөз табына тән болатын сөздерді не дейміз?
8топ
1/Сусын құю үшін ысталған теріден жасалған ыдыс
2/Тұрмыс - тіршілікке әр дәуірде өзгеріп, әр түрлі сөздермен ауысып отыратын, ескірген сөздерді не дейміз?
9топ
1/Жер жыртуға арналған құралды не дейді?
2/Сөздердің орны тұрақты, орындарын өзгертуге келмейтін, басқа сөзбен ауыстыруға болмайтын, барлығы бір мағынаны беретін , тіркескен сөздің бір түрін не дейді?
2-ойын - Капитандар үшін - Қазақ мектептеріне
Кім - шапшаң
1/Атқа міну үшін ер - тұрман әбз
Страницы: 1 | 2 | 3 > >>