Сайыстың тақырыбы: «Білгірлер» сайысы
Сайыстың мақсаты: Оқушылардың меңгерген білім деңгейін анықтау, ойлау қабілеттерін дамыту, сөйлеу мәдениетін жетілдірy, білімді, жан-жақты болуға үйрету.
- Армысыздар ма, құрметті ұстаздар, оқушылар және ойынға қатысушы сайыскерлер!
Ойын толқын, айналған қатты ағысқа,
Табылғандай танымда, жат дауыста.
Біреу озып келеді қатарынан,
Біреу қалып жатады асығыста.
Ойын толқын жатқанда асып, тасып,
Біреу мығым, біреулер шалыс басып.
Бұл ойыннан өтеді ғұлама ойлар,
Жеңсе де, жеңілсе де қалма артта.
«Білекті бірді жығады, білімді мыңды жығады» деген дана халқымыз. Біз білім теңізінен жүзіп өткенде ғана еліміздің тірегі, сүйеніші боламыз! Сондықтан да бүгінгі «Бімділер» сайысына қош келіпсіздер!
Бүгінгі білім сайысын бағалайтын әділқазылар алқасын таныстыруға рұқсат етіңіздер!
Алдымен сайысымызды бастамас бұрын сайыскерлерімізді таныстырып өтейік.
Сайыскерлер екі топқа бөлінген.
1. «Жеңімпаздар» тобы
1. Байкасова Анар 2. Егеубаева Камила 3. Танжарыкова Аида 4. Тарасова Дарья
2. «Жас Отан» тобы
Вычужанина Елизавета
Николенко Софья
Колесников Владислав
Темірбаев Әнуар
Сайыс мынадай турлардан тұрады:
1-ші тур – «Өз-өзін таныстыру»
2-ші тур – «Кім білімді?»
3-ші тур – «Ел аузында»
4-ші тур – «Үй тапсырмасы»
5-ші тур – «Тарихи тұлғалар»
I тур – «Өз-өзін таныстыру»
-Сәлем берем халқыма,
Сәлем берем жалпыңа.
Сәлемдесу кіреді,
Ата-дәстүр салтына, - дей келіп сайскерлерге сөз береміз.
Білімнің ұшқырлығын танытатын,
«Бәйге» тур да сайыскер жаңылмағын.
Уакыт деген зымырап, өтіп кетер,
Асып, тасып, асықпа, қалыспағын.
II тур «Кім білімді?» Сендерге ортақ Қа
Страницы: 1 | 2 | 3 > >>