Білгірлер сайысы

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>

Тәрбие сағатының тақырыбы: «Білгірлер сайысы»
Мақсаты: Алған білімдерін саралай отырып, оқушылардың қазақ тілін оқуға деген қызығушылықтарын арттыру.
Мұғалім: Негманова Құралай Уахитқызы
Сыныптар: 10 «А», 10 «Б»
Өткізілген орны: 34 қазақ тілі кабинеті
Мұғалім: - Ана тілі қазағымның қаймағы,
Тілің сенің өміріңнің айғағы.
Бүгін міне, тіл туралы сайысқа,
Білгірлері 10 сыныптың шығады.
Біздің топ: «Жасұлан»
Біздің ұранымыз: «Тіл бар жерде - өмір бар»
Біздің өлеңіміз: Ана тілің арың бұл,
Ұятың боп тұр бетте,
Өзге тілдің бәрін біл,
Өз тіліңді құрметте.
Біздің топ: «Бәйтерек»тобы
Ұранымыз: «Сүйемін туған тілді - қазақ тілін»
Біздің өлеңіміз: Тіліміздің бұлағы,
Тірліктің ел жүрегі,
Ана тілін сүйемін,
Отан үшін күйемін.
Тақтада «ҚАЗАҚ ТІЛІ» деген жазу бар. Әр команда кезектесіп, бір – бірден әріп таңдайды. Әр әріптің ар жағында тақырыптар белгіленген. Әр тақырыпқа бес сұрақ немесе тапсырма беріледі.
(Әр дұрыс жауапқа 1 ұпай беріледі. Жауап нақты, толық болу керек және ойланып топпен ақылдасуға болады)
Қ . Қазақ тілі
1. Көп тілді білетін адам кім? (полиглот)
2. «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі - қазақ тілі» - деп Ата Заңның нешінші бабында жазылған. (4 бап)
3. Дауысты дыбыстар қалай бөлінеді? (жуан, жіңішке, ашық, қысаң, еріндік, езулік)
4. Сөз таптарын атап бер (Зат есім, Сын есім, Сан есім, Есімдік, Етістік, Үстеу, Шылау, Одағай, Еліктеу сөздер. )
5. Қазақ тілінде неше жалғау бар екенін атап бер (4)
А. Қазақ әдебиеті
1. Ыбырай Алтынсарин туралы не білесіңдер (монолог)
2. Абай Құнанбаев туралы не білесіңдер (хр. таблица бойынша)
3. А. Құнанбаевтың «Ғылым таппай мақтанба» өлеңін жатқа айт.
4. 5 дос пен 5 дұшпанды а

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: