Белгісіздік есімдігі

Страницы: <<  <  1 | 2 | 3

арай: туынды, зат есім орнына жұмсалып тұр, кім? деген сұраққа жауап береді, А. с. тұр.
Әр түрлі– белгісіздік есімдігі; тұлғ. қарай: негізгі, сын есім орнына жұмсалып тұр, қандай? деген сұраққа жауап береді.
Тапсырманы ауызша орындау.
Сөйлемдерді оқып шығып, есімдіктерді тауып, олардың қандай есімдіктер екенін айтыңдар.
- Әй, осы сенің мергендігіңді айтқанда, аузымызды ашып, көзімізді жұмамыз, көрсетші сол өнеріңді. – деді жеңгесі.
– Мына қасқыр неге көмілді? Екіншісі қайда кетті? Бұлардың не ойлағаны бар? деген сұрақ енді Рамазан мергенді дал қылады. Қалай болған күнде де мынаның тегін емес екені анық. Демек, қапы қалмай тұрғанда, бір әрекет жасап қалу керек деп ойлайды мерген.
Ол дүниенің бәрін ұмытып, өзімен - өзі жас баладй мәз. Барша зейіні бауырынабасқан құсқа ауып, тап бір аяулы арманы қолына қонғандай күйге түскен.
Аңшылықты күштің басымдығымен емес, өнеріңді асырып аулағанға не жетсін! Ол үшін мына сіз сияқты аң, қанатты құстың тілін білу керек. Ондай өнер бізге қайдан бітсін. Тым болмаса, осы қақпаншылығыңызды үйретіңізші.
1. Біреу, әрне, бірдеме есімдіктерін септеу.
2. Септелген белгісіздік есімдіктерін қолдана отырып, бірнеше сөйлемдер құру.
А. с. әркім
І. с. әркімнің
Б. с. әркімге
Т. с. әркімді
Ж. с. әркімде
Ш. с. әркімнен
К. с. әркіммен
Мысалы: Әркімнің өз ойы, өз пікірі болады. Біз әркімнен сұрап білдік. Әркіммен дос бола беруге де болмайды. Т. б.
Сұрақ –жауап: -Біз бүгін сабақта нені білдік?
Үйге: 102-103 беттердегі, 206-207- жаттығуларды орындау. Ережені қайталау.
Сабаққа жақсы, белсенді қатысқан оқушыларды мадақтау, бағалау.






Страницы: <<  <  1 | 2 | 3
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: